«Бұл - әбден ұят». Тоқаев Маңғыстауда болып жатқан басты мәселеге тоқталды

1142
Adyrna.kz Telegram

Маңғыстау облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы жөнінде кеңес өткізіп жатқан президент Қасым-Жомарт Тоқаев бұл аймақтағы басты проблемалардың біріне тоқталды. Бұл туралы Ақорда жазды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

«Білім беру мекемелерінде болып жатқан келеңсіз оқиғаларды айтпай кетуге болмайды. Балалардың тамақтан жаппай улану деректері азаймай тұр. Бұл – әбден ұят нәрсе. Былтыр 400-ден астам бала, биыл 42 бала зардап шеккен. Бұл оқиғалар мектептерде азық-түлік қауіпсіздігі сақталмай жатқанын көрсетеді. Үкіметке жауапты мемлекеттік органдармен бірлесіп, оқушылардың қауіпсіздігін қатаң бақылауға алуды тапсырамын», - деп хабарлайды Ақорда.

Естеріңізге салсақ, оқу жылының басында Маңғыстауда 400-ден астам бала мектеп асханасында жаппай уланған болатын.

Пікірлер