Алты қазақстандық бар. Ақтауда апатқа ұшыраған жолаушылардың тізімі жарияланды

1100
Adyrna.kz Telegram

Ресейлік BAZA Telegram-арнасы Баку – Грозный рейсімен ұшқан жолаушылар тізімін жариялады. Сонымен қатар жолаушылардың қай елдің азаматтары екені белгілі болды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Ақпаратына сәйкес, бортта 67 жолаушы және 5 экипаж мүшесі болған.

Зардап шеккендер бойынша ақпарат нақтылануда. Алдын ала аман қалған 25 адам бар, оның ішінде 22 адам ауруханаға жеткізілген.

Қазақстан Республикасының Көлік министрлігінің алдын ала деректері бойынша, ұшақ бортында 37 Әзербайжан азаматы, 6 Қазақстан азаматы, 3 Қырғызстан азаматы және 16 Ресей  азаматы болған.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша мемлекеттік комиссия құрылды.

Комиссияны Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары Қанат Бозымбаев басқарады.

Сонымен қатар, Қасым-Жомарт Тоқаев Астанадан Ақтауға медицина мамандарын жіберуді және зардап шеккендерге қажетті барлық көмекті көрсетуді тапсырды.

 

 

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Ложку перед сном и все! За неделю уйдет 13 кг возрастного жира...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
У кого болят колени и суставы - читайте пока не удалили!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пьяные что ли? Пугачева с мужем шокировали своим развратом
Пікірлер