Демографиялық дағдарысқа бейім екенімізді білеміз бе?

4315
Adyrna.kz Telegram

Ресей елінде аналарға берілетін бірреттік «Ана капиталы» 2021 жыдан бастап өсірілетін болды. Бұған дейін Ресейде екінші баланы өмірге әкелген аналардың үкіметінен алатын бірреттік «ана капиталы» 453026 рубль болса, бұл сома 2021 жылы 470241 рубль болып өсетін болды. (Теңгеге шағып көрсеңіз қомақты сома) 

  • Сол тәрізді Жапония үкіметі де «Бала капиталын» 2020 жылдан бастап өсіретіндіктерін мәлім етті. Енді 2020 жылдан бастап жапондардың екінші баланы өмірге әкелген аналары ай сайын жәрдемақы ретінде 500 евро жалақы алып отыратын болды. 
  • Ресей елі 2020 жылы зейнетақы қорынан жағдайы төмен аналардың әлеуметтік жағдайын шешу мақсатында тағы да  қаржы бөлетін болды. Бұған дейін көрші ел аналарының жоқ-жітігін түгендеу мақсатында зейнетақы қорынан 2017 жылы 312 млрд рубль, 2018 жылы 325 млрд рубль бөлген болатын. 

    Қарап отырып қызықтық... 

Жоғарыда үш мысалды әдейі  алып көрсеттік. Бағамдасақ, қазірде көптеген елдер демографиялық саясатын оңдауға тырысып жатыр. Біз келтірген Ресей мен Жапониядан басқа анасы мен баласына айтарлықтай жағдай жасап отырған көптеген елдер баршылық.  Демограф-ғалым, Жандос Тілеукиннің пайымдауынша, қазақ әу бастан демографиялық дағдарысқа бейім ел. «Сондықтан бізге болашақта саясатты нықтаған абзал» дейді маман. 

«Демографиялық тасқын біздің ұлтымызда 50-жылдардың соңы мен 60-жыл дардың басында жүріп өтті. Сол жылдары әр 1000 қазақ әйеліне шаққанда 225 баладан келсе, 1990 жылы бұл көрсеткіш 130-ға; 1998 жылы –82; ал қазір тіпті екі-үш есеге төмен. Бұлайша кемудің 70 пайызы бала санын шектеумен тікелей қатысты. Ал қалған пайызы отбасын кеш құрудан, әлеуметтік жағдайдың көңіл көншітпейтінінен. Адам бала санын әлеуметтік жағдайы төмен болғаннан кейін шектейді.  Сондықтан біз бала туу жасындағы әйелдерге әлеуметтік қолдау көрсетуден танбауымыз керек. Мейлі, бала туу жасындағы әйелдің айлық жалақысы жоғары болсын, төмен болсын, мемлекеттік деңгейде төленер төлем жоғары болуы қажет»,- дейді Жандос Тілеукин. 

Жандос Тілеукіннің айтуынша, Қазақстанда жұмыс істейтін әйелдерге де, жұмыс істемейтін әйелдерге де бала туғаны үшін берілетін жәрдемақы көлемі аз. Бұл ретте маман «Бізде әлеуметтік сақтандыру қорына ақша аударатын 2 миллион 800 мың әйелдің 1,2 пайызы ғана 200 мың теңгеден көп айлық алады Солардың өзіне бала туғанда берілетін бір реттік жәрдемақы көлемін Үкімет 1 миллион теңгеден аспайтын етіп тастады. Тіпті қайсыбір  әйелдер 250-300 мың теңгеден асырып жалақы алса да бала туғаны үшін 1 млн теңге ғана жәрдемақы алады. Жұмыс істейтін әйелдер үшін бұл аз сома. Сондықтан осы мәселені реттеген жөн. Ал жұмыс істемейтін әйелдердің алатын жәрдемақысы тіпті төмен. Бізде бірінші, екінші, үшінші балаға төленетін жөргекпұл   – немесе 95 950 теңге; төрт және одан да көп балаға 159 075 теңге. Бұған қоса жұмыс істемейтін әйелдерге бала бiр жасқа толық толғанға дейiн оның күтiмiне байланысты төленетiн ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы: бірінші балаға –14 544 теңге; екінші балаға –17 195 теңге; үшінші балаға –немесе 19 821 теңге; төрт және одан да көп балаға –22 473 теңге төленеді. Нақтысын айтқанда мұндай сома төлеп демографиялық дүмпу емес, дағдарысқа апарып соқтырамыз. Демек, бізге бұл мәселені реттейтін кезең әлдеқашан жетті»,-дейді. 

 Кеңестік кезеңде де қазақтың саны шектелді

Жалпы, мамандар алға тартып отырғандай,  Кеңестік кезеңде де бала санын алғашқы болып «саналы» түрде шектеп отырған – біздің ұлт.

Әлеуметтанушы-маман Айдархан Ілесбековтың айтуынша, кезіндегі бүкілодақтық санақтың соңғы деректері бойынша 1990 жылы тәжіктер – 45 пайызға; қарақалпақ тар – 39 пайызға; өзбектер – 34 пайызға; түрікмендер – 30 пайызға; қырғыздар – 32 пайызға өскенде, біздің қазақтар 24 пайызға ғана өскен екен. 

«Кеңестік кезеңде де қазақтың санын саналы түрде өсірмеу үшін түрлі саясат қолданылғаны баршаға белгілі. Қазақтың басынан түрлі нәубет заман өтті. Ал қазір сол бюрократиялық шешімдерден арылатын кезең келді ғой. Біз болашақта қазақтың санын өсіргіміз келсе, әйелдерге төлем төлеуді тек міндетті сақтандыру қоры арқылы ғана жүргізбей, бұл ретте ерікті және кәсіптік сақтандыру қорларын тетікке қоссақ деп ойлаймын. Мәселен, Норвегия, Нидерланды елдерінде әйелдер ерікті сақтандыру қорларынан бір төлем алса, кәсіптік сақтандыру қорлары, яғни жұмыс орнынан ашылған қорлардан бір төлем және мемлекеттік сақтандыру қорларынан бір төлем алады. Сонда бірқатар елдердің әйелдері үш бірдей мекемеден декреттік төлем алып, үш жыл бойы алаңсыз бала күтімімен айналысады. Ал біз бір ғана әйелдердің өз айлығынан жинаған міндетті сақтандыру қоры арқылы жиған қаржыларын өздеріне қимай отырмыз. Бұл, сөзсіз, бала санын шектейді. Кейбір елдер зейнетақы қорынан ана мен баланың әлеуметтік жағдайын жасауға жыл сайын қаржы бөліп отырады. Сондықтан осы мәселелерді шешуге кіріскен жөн», - деді әлеуметтанушы маман Айдархан Ілесбеков. 

Бұдан  соң маманның пайымынша, бір өткір мәселе – сыртта жүрген қазақтарды бауырға тарту жайы қалыс қалмауы керек. Мысалы, ресми деректер қазір де алыс-жақын шетелдегі тегі метис пен маргиналдары бар қазақтың жалпы саны 6 млн 100 мыңды құрайтынын көрсетеді. Бұл ретте ма ман «тек қана ТМД көлемін де сөз етер бол ақ, іргеміздегі Өзбекстандағы исі қазақтардың саны бүгінде 3 млн-ға жуықтаса, Украина мен Беларусь елін дегі қазақтардың саны 250 мыңдай бо лады. Ал Қырғыз еліне сіңіп кеткен қа зақ тардың саны 200 мыңға жуық тап қалды. Бұған Қытай елінде жүрген 2,5 млн қазақты қоссақ, ортамыз толығып қалатынын алға тартып отыр. 

«Осыдан 20 жыл бұрын сол оралмандардың есебінен бала туу өсімі Тарбағатайда 40 пайыз, Алтайда 70 пайыз, Іле Алатауында 65 пайыз көрсеткішті қамтыған. Ал қазір бұл көрсеткіш Тарбағатайда 10 пайыз, Алтайда 10 пайыз, Іле Алатауында 15 па йызды көрсетеді. Сондықтан нақ қазір біз үшін сырттан келетін көшті тоқтатпау да асқан қажеттілік»,- дейді Айдархан Ілесбеков. 

Бала тууға қатысты өзекті жайттардың бірі – медициналық модернизация екенін де мамандар алға тартты.  Болашақта медицинамыз ана мен бала өлімін болдырмауға қатысты қызмет етуі тиіс. Әрине, бұл ретте медицинамызды модернизациялауға; технологиялық қарым-қабілетімізді ұштауға, білікті мамандар легін жасақтауға тырсып жатқанымыз белгілі. Десек те, ана мен бала денсаулығына үстірт қарау фактілері әлі де бой көрсетіп жүргені ақиқат. Ең өкініштісі, ана мен бала өліміне сол медицинамыздың басы-қасын да жүрген ақ халаттыларымыздың өздерінің кінәлі болып жататын да жайттар кездеседі. 

Міне, біз осылайша демографиялық саясатты дұрыс жолға қою үшін басты бағытта не істеу керектігін тізбеледік.  Бұл ретте мамандар қазақтың демографиялық дағдарысқа бейім екенін де жасырмай айтып отыр. «Осыған орай, болашақта ана мен бала өсімін еселеу үшін Ресейдің мемлекеттік «Ана капиталы» мен жа пондардың мемлекеттік «Бала капиталын» жинау үрдісін үйренсек жөн болар еді. Тіпті бірқатар елдерде бала туа салысымен арнайы депозит ашылып, оған мемлекет белгілі бір мөлшерде қаржы құйып, ол жинақталған сома бала 16 жасқа толғаннан кейін оның қажетіне жарап жатады. Дамыған және дамушы елдің балалары тұрғын үймен тумай жатып қам тылып жатқанда, біздің елдің баласына неге мұндай ықылас аударылмайды?!» деп пікір білдірген мамандар да болды. 

 Расында да, ойланарлық жайт. Ендеше, атқарушы биліктің құлағына алтын сырға дейік... 

Қарлығаш Зарыққанқызы

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер