Президент бастаған билік өкілдері де концертке барды

1133
Adyrna.kz Telegram

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Франц Кафка атындағы халықаралық Алтын медаль сыйлығының лауреаты, қазақ руханиятының аса көрнекті өкілі, белгілі ақын Шөмішбай Сариевтің шығармашылығына арналған кешке барды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Концертте қазақстандық эстрада жұлдыздары өнер көрсетіп, эстрадалық-симфониялық оркестрдің сүйемелдеуімен ақын Шөмішбай Сариевтің (1946-2021) «Айналдым сенен, Атамекен-ай», «Сәлем саған, туған ел», «Аяулым», «Домбыра туралы баллада», «Өкінбе сен», «Өмір-өзен», «Сағындым сағым жылдар», «Дос керек», «Сарыарқа» және тағы басқа өлеңдеріне жазылған, халық сүйіспеншілігіне бөленген әндер орындалды.

Президентпен бірге концертке барған билік өкілдері арасынан Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов, Президент әкімшілігінің қызметкерлері, Президент кеңесшісі - Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли, Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева және басқа да шенеуніктер байқалған. Бұған қоса балалар омбудсмені Динара Закиева,«Ардагерлер ұйымы» қоғамдық бірлестігі Орталық кеңесі төрағасының орынбасары Өмірзақ Озғанбаев, Жазушылар одағының төрағасы Мереке Құлкенов және басқа да мәдениет және әдебиет саласының өкілдері бар.

Пікірлер