АРМАН ӘУБӘКІР: Алғашқы көмек көрсетуді үйреніп алуымыз керек

1695
Adyrna.kz Telegram
Фото: ТЖД
Фото: ТЖД

Бүгін Алматыдан Астанаға ұшқан Fly Arystan ұшағында менен бір-екі орынға арт жақта отырған орта жастағы ер азамат теректей сұлап түсті. Сол сәтте қасындағы жанұшырып бір әйел де айқайлады. Көзі бақырайып құлап бара жатқан адамға барып не істерімді білмедім. Денесі серейіп қалған, тыныс жоқ.

Аузынан үрлегендей болып көкірек тұсын ақырындап қана бастым. Өзім алғашқы көмек көрсетуді шет жағасын ғана көргенім болмаса, негізінен мүлде хабарсыз екенімді сонда ғана ұқтым. Бір борт серік менен “Дәрігерсің бе?” деп сұрады. “Жоқ” деп едім, “Онда кедергі келтірмеңіз” деді.

Мен орныма отырдым. Осы кезде құлап жатқан адамның құлақ тұсы, кірпіктері сәл қозғалғандай болды.

Аман екен ғой деп іштей қуанып кеттім. Екі бортсерік жетіп келіп, біреуі тыныс беріп, біреуі жүрек тұсын екі қолдап қатты басты. Сол кезде кеуде тұсы ауырсынғандай әлгі азамат оянды. Бәрін басқарып жүрген аға бортсеріктің шешімталдығына, шапшаңдығына риза болдым. Бәрін дұрыс басқарып отырды. Шығып бара жатқанда әлгі бортсеріктің қолын қысып алғысымды айттым. Есімін сұрап, аты-жөнін жазып алмағаныма өкініп те қалдым.

Жалпы, алғашқы көмек көрсетуді дұрыстап үйреніп алуымыз керек екен. Бүгінгі түйгенім осы болды.

 

Arman Aubakir

 

 

 

Пікірлер