Д.Трамп ешкімді де аяр емес.
Украина, Канада, Газа, Гренландия, Панама, уран, т. б. - АҚШ - тан тыс жерлердегі дүниелер ғой. Американың ұлттық мүддесіне қаншама маңызы болса да...
Оның әкімшілігі енді елдің ішіне ылаң салып, бүлдірмекші.
Ондай пиғыл болғанда не істеу керек..?
Дұрыс, оқыған мен білгенді қудалау керек. Түрлі желеумен...
Өткен аптада ғылым мен білім саласында айтарлықтай жаңалық болды.
Бетке ұстар "Йель" университетінің әлемге белгілі профессорлары: Тимоти Снайдер, Марси Шор (екеуі де тарихшы) және Джейсон Стейнли (философ) Д.Трамп саясаты мен әрекетіне қарсылық ретінде Канаданың Торонто университетіне кету, яғни ауысу туралы шешім қабылдады.
Яғни, ұлы жандар Канада жеріне барып, Д Трампқа қарсы күресті жалғастырмақшы. Солай дұрыс болады деп шешкен.
Қазір Д.Трамп университеттерге шабуылды үдетіп отыр. Осыған дейін ол "Колумбия" университетіне $400 млн долл. федералды көмекті бермей, қысым жасады. Қазір "Пенсильвания" университетіне тиесілі $175 млн бермей, ұстап отыр. Мақсат: өз дегеніне көндіру, бағындыру. "Йельге" де қысым артты.
Бізде "Алаш арыстарынан" осындай саясаттың өршіген кезінде айрылған болатынбыз. Большевик тоталды түрде қоғамға бақылау орнату, басып - жаншу мақсатында елдің қаймағын құртқан еді.
Д.Трамп еліне үлкен зиян келтіруде. Оған бағынбаған ұлылар елден кетуде. Оқыған адамы жаппай кетсе, АҚШ - та болашақ болмайды.
Болашақты білім мен ғылым жасайды.
АҚШ - тың қазіргі технологиялық деңгейін қамтамасыз еткен де нарық пен академиялық бостандық еді.
Д.Трамп осыларды өз еркіне бағындырмақшы...
Ұят - ай!
Dulat Bakishev