ҚУАНЫШ ЕДІЛХАНТЕГІ: Путинмен өздерің салғыласа беріңдер - Еуропа өз сөзін айтты

715
Adyrna.kz Telegram
Сурет: delfi.lt
Сурет: delfi.lt

Аса ірі, маңызды жаңалық!

Париждегі үлкен саммиттен кейін Еуропа тағы да өз позициясын нақты айтты: Трамппен, Путинмен өздерің салғыласа беріңдер, доп қай жақта, кімнің кезегі деп айтыса беріңдер, бірақ біздің позициямыз айқын - біз Украинаны қолдай береміз және қолдауды күшейтеміз!

Бүгінгі Швеция және Нидерландының мега-пакет көмегінен кейін Веймар+ тобы маңызды мәлімдеме жасады: Орыс әскері украин жерінен толық шығарылмай Ресейден санкция алынбайды, қайта жаңа санкциялар пакетін дайындап жатырмыз! Нүкте!!!

Бүгін 31.03.2025ж. Мадридте Украинаны қолдаушы елдер тобының (Веймар+ тобы) төртінші кездесуі өтті. Оған Францияның, Германияның, Италия, Испания, Польша және Ұлыбританияның СІМ, ЕО-ның сырты саясат және қауіпсіздік бойынша Жоғары өкілі Кая Каллас, Қорғаныс бойынша еурокомиссар Андрюс Кубилюс қатынасып, Еуропаның әлемдік процесстегі болашақ рөлі туралы ақылдасты.

Біріккен декларацияда олар Ресейді "сөзсіз және шартсыз атысты тоқтатуға" шақырды. Олар Мәскеуге санкцияны ұлғайту арқылы қысымды күшейте түсетіндігін, тұрақты және әділ бейбітшілік үшін Киевке барынша жағдай жасайтындығын мәлімдеді.

Аса маңызды баптар:

"Кез-келген бейбіт келісім Украина үшін қауіпсіздік кепілімен бірге болуы керек. Бұл істе біз жетекші рөл ойнаймыз."

"Кез-келген келісім-шарт украин әскери өндірісіне және Украинамен партнер елдердің украин жеріндегі әскери контингентіне  шектеу қоймауы керек".

Веймар+ тобы мынаны қатерге береді:

"Біз Еуропа Кеңесі шеңберінде Ресейді барлық әскери қылмыстары үшін жауапкершілікке шақыратын арнайы сот ұйымдастыруды мойнымызға аламыз! Сондай-ақ мұздатылған РФ активтері Мәскеу соғысты тоқтатып, Украинаға барлық шығындарын өтегенше солай мұздатылған күйде қала береді".

Ал кесіп ал! Еуропа өз сөзін айтты. Бәсее, Медведевтің ашудан қалшылдап бұтына жіберіп қоюы жаман еді, осы екен ғой! Жіберіңкіре ендеше, тіпті үлкенін де қоса жібер...

Қуаныш Еділханов

 

 

 

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
У мужчин челюсти отвалились, когда они увидели ее страстный танец
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Вот, что излечит ваши запястья даже в 75 лет! Нужно взять...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Чтобы суставы не хрустели, а боль ушла, перед сном мажьте этим...
Пікірлер