Алматыда тағы бір студенттің мәйіті табылды

1387
Adyrna.kz Telegram
Сурет: Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі
Сурет: Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі

Алматыда тағы бір студенттің өлі денесі табылды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Оның өлімі жайлы ақпарат бүгін БАҚ беттерінде жарияланды. Қалалық ПД мәліметінше, студенттің қалай көз жұмғаны белгісіз.

Студент Almaty Management University-де білім алған. ЖОО баспасөз қызметі студенттің өлімі туралы ақпаратты растады. Қайғылы оқиғаның себептері мен мән-жайын құқық қорғау органдары анықтап жатыр.

"Университет құқық қорғау органдарына оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін жан-жақты көмек көрсетеді. Almaty Management University әкімшілігі марқұмның туыстары мен жақындарына көңіл айтады және оның отбасына қажетті қолдау көрсетеді", – деп жазды университеттің баспасөз қызметі.

Полиция қылмыстық істің қозғалғанын мәлімдеді.

"Осы факті бойынша Бостандық аудандық полиция бөлімі қылмыстық іс қозғады", – делінген хабарламада.

Айта кетейік, үш күн бұрын Алматыдағы ҰҚК Шекара академиясының курсантының да мәйіті табылған еді. 

Пікірлер