Украинадағы құқық бұзушылықтарды тергеу жалғасады - БҰҰ

908
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/10/img_5153-960x500.jpeg?token=7cb87eb6ca8c45dadd533ba3d0506edd
БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі кеңесінде жарияланған есепке сәйкес, Украинада бейбіт тұрғындардың мәжбүрлі түрде жоғалуы Ресей билігінің “жаппай және жүйелі әрекеттерінің” салдары болып табылады және адамзатқа қарсы қылмысқа теңестіріледі, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы dw.com-ға сілтеп. Бұл туралы БҰҰ-ның Украинадағы құқық бұзушылықтарды зерттейтін Тәуелсіз халықаралық комиссиясы 19 наурызда мәлімдеді. Комиссия есебінде Ресей әскерінің бақылауындағы украин аймақтарында көптеген бейбіт тұрғындардың ұсталғаны атап өтілген. Олардың қатарында жергілікті билік өкілдері, мемлекеттік қызметкерлер, журналистер және Ресей билігі Украинадағы әскери мақсаттарына қауіп төндіреді деп санаған өзге де тұлғалар бар. Сонымен қатар, құжатта украин әскери тұтқындарының да зорлық-зомбылыққа ұшырағаны айтылған. БҰҰ сарапшылары Украинадағы құқық бұзушылықтарды тергеу жалғасатынын мәлімдеді.
Комментарии