ҰҚК Шекара академиясы курсантының өлімін растады

879
Adyrna.kz Telegram
Фото: qazaquni.kz
Фото: qazaquni.kz

Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара академиясы курсантының қайтыс болуына қатысты мәлімдеме жасап, ақпаратты растады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

"2024 жылғы 22 қыркүйекте Алматы қаласындағы көпқабатты тұрғын үйдің ауласынан кезекті демалысқа босатылған 3-курс курсантының мәйіті табылды. Өліміне биіктен құлау себеп болған. Полиция органдары сотқа дейінгі тергеуді бастады. Түрткі болған жағдайлары анықталуда", - делінген ведомствода.

Айта кетейік, желіде Алматыдағы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара академиясының курсанты көпқабатты үйден секіріп қайтыс болды деген ақпарат пайда болған. Қалалық ПД оқиғаға түсініктеме беріп, қылмыстық іс қозғалғанын хабарлаған еді. 

Пікірлер