Сенатор қазақы ит тұқымдарының күнін қарашада атап өтуді ұсынды

353
Adyrna.kz Telegram
Фото: Ақорда
Фото: Ақорда

Сенат депутаты Бибігүл Жексенбай Үкімет басшысы Олжас Бектеновтің атына жолдаған сауалында қазақы ит тұқымдарының күнін қыркүйектен қарашаға ауыстыруды ұсынды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы Информбюроға сілтеп.

Бұған дейін экология министрлігі аталған мерекені 3 қыркүйекте атап өтуді ұсынған еді. Алайда ұлттық кинологтар қауымдастығы бұл күннің тарихи және мәдени дәстүрлерге сәйкес келмейтінін алға тартты.

“Қазақ аңшылық мәдениетінде тазы мен төбет – тек ит тұқымы ғана емес, көшпенділердің сенімді серігі, аңшылық пен дала өмірінің символы. Дәстүр бойынша, Қазақстанда аң аулау маусымы алғашқы қар түскен сәтте, яғни қараша айында – қансонарда басталады. Сондықтан Тазы мен төбет күнін осы кезеңге орайластырып, қарашаның бірінші жексенбісіне белгілеуді қарастыру қажет”, – деді сенатор.

Айта кетейік, Ұлттық құрылтайда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақтың тазысы халықаралық тізімге енгізілгенін мәлімдеген болатын. Сондай-ақ, Президент Францияға сапары кезінде Эмманюэль Макронға қос тазы сыйлағанын атап өтті.

“Аң аулайтын айрықша қасиеттері бар қазақы иттің тұқымын енді бүкіл әлем біледі. Франциялықтар тазылардың ерекше қабілетіне тәнті болды”, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Енді қазақы ит тұқымдарының күні нақты қай айда атап өтілетіні туралы шешім Үкімет деңгейінде қарастырылуы мүмкін.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Этот домашний метод сжигает 9 кг жира за 6 дней! Помогает ленивым
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Женатым лучше не смотреть: танец роскошной Татьяны (видео)
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пьяные что ли? Пугачева с мужем шокировали своим развратом
Пікірлер