Қазақстан азаматтарының деректерін таратқан компания жазаланды

366
Adyrna.kz Telegram

Ресейлік Sirena Travel компаниясы Қазақстан азаматтарының жеке деректерінің ашық қолжетімді болуына кінәлі деп танылып, жазаланғаны белгілі болды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Бұл туралы ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігіне қарасты ақпараттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Руслан Әбдіқалықов мәлімдеді.

“Біз өткен аптада Ресейдің Роскомнадзорынан ресми жауап алдық. Олар компанияның ресейлік заңнамаға сәйкес жазаланғанын хабарлады”, – деді Әбдіқалықов Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте.

Алайда Sirena Travel қандай жазаға тартылғаны белгісіз. Сонымен қатар, Абдикаликов деректердің таралуынан зардап шеккен қазақстандықтар тек сотқа жүгіну арқылы ғана өтемақы талап ете алатынын айтты.

“Өкінішке қарай, қазір Қазақстан мен Ресей заңнамасында мұндай өтемақы төлеу процедурасы қарастырылмаған. Біз бұл бағытта жұмыс істеп жатырмыз. Болашақта киберсақтандыру жүйесі енгізілсе, азаматтар өтемақыны оңай ала алады. Ал қазір жалғыз жол – Ресей Федерациясының сотына шағым түсіріп, шығынды дәлелдеу”, – деп түсіндірді ол.

Еске сала кетейік, 2023 жылдың соңында Қазақстан азаматтарының аты-жөні, төлқұжат нөмірі және басқа да деректері интернетте еркін қолжетімді болғаны анықталды. Ол кезде Руслан Әбдіқалықов ақпараттың Ресей аумағында орналасқан Sirena Travel компаниясының кінәсінен тарағанын мәлімдеген еді.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Девушка из г Колумбус опозорилась на всю Беларусь! Видео ошеломит
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец на выпускном взорвал сеть: смотреть без детей
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Этот танец невесты оставит вас без слов! Пересмотрела 10 раз!
Пікірлер