Атырауда полиция қызметкерін көлік қағып кетті

1476
Adyrna.kz Telegram
Фото: видғодан алынды
Фото: видғодан алынды

Атырауда жол қозғалысын реттеп тұрған патрульдік полиция қызметкерін көлік қағып кетті. Бұл туралы желіде видео тарады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. 

Кадрлардан полция қызметкерінің жол үстінде жатқанын көруге болады.

Атырау облысының полиция департаменті ақпаратқа қатысты түсініктеме берді.

"30 қыркүйекте сағат 18:40-та Toyota Corolla көлігінің жүргізушісі қызметтік міндетін атқарып тұрған патрульдік полицейді қағып кетті. Оқиға салдарынан полиция қызметкері түрлі дене жарақаттарын алып, облыстық ауруханаға жеткізілді", – делінген хабарламада.

Департамент жол-көлік оқиғасы бойынша тиісті құжаттар жинақталып, сараптама қорытындысы бойынша іс шешім қабылдау үшін сотқа жіберілетінін атап өтті.

Жүргізуші күн сәулесінен жол қозғалысын реттеп тұрған полицейді байқамағанын айтып, болған оқиғаға өкініш білдірді.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Вот, что излечит ваши запястья даже в 75 лет! Нужно взять...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Ложку перед сном и все! За неделю уйдет 13 кг возрастного жира...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Девушка из г Колумбус опозорилась на всю Беларусь! Видео ошеломит
Пікірлер