Алматыда тұрғын үй өртеніп 23 адам эвакуацияланды. Қаза тапқан адам бары айтылды

5057
Adyrna.kz Telegram

Алматыда өрт шығып, 23 адам эвакуацияланды, қаза тапқандар мен зардап шеккендер бар, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеп. 

«Төтенше жағдайлар департаментінің 7 техникалық құралы 1 мамыр күні сағат 05.18-де Әуезов ауданында тіркелген, жалпы ауданы 30 шаршы метрді қамтитын төртінші қабаттағы пәтер өртін сөндірді», - деп жазды ТЖД.

Сағат 05.52-де өрт сөндірілді. Үш тағанды баспалдақ пен құтқару техникасының көмегімен 23 адам эвакуацияланды.

«Өрт болған жерден 1990 жылы туған азамат №7 қалалық клиникалық ауруханаға жатқызылды, сонымен қатар 1997 жылы туған әйелдің денесі табылды», - деп толықтырды ТЖД.

Полиция оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр. Бұған дейін өрт кезінде адамдар терезеден секіргені туралы ақпарат пайда болған.

Өрттің неден шыққаны және өзге де деректер әзірге белгісіз.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
У мужчин челюсти отвалились, когда они увидели ее страстный танец
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Чтобы суставы не хрустели, а боль ушла, перед сном мажьте этим...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Не смейте выбрасывать зажимы от хлебных упаковок: они бесценны
Пікірлер