Павлодар облысында орман шаруашылығы өртеніп жатыр

390
Adyrna.kz Telegram

Павлодар облысының Баянауыл ауданында дала өрті сөндіріліп жатыр. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

4 сәуір күні 112 пультіне Жасыбай орман шаруашылығы аумағында құрғақ шөптің жанғаны туралы ақпарат түскен.

“Өртті сөндіруге дереу ТЖД, орман шаруашылығы, "Қазавиалесоохрана" және Жасыбай орман шаруашылығының күштері мен техникалары жұмылдырылды. Қазіргі уақытта өртті сөндіруге 70-ке жуық адам және 20-дан астам техника тартылған. Алайда қатты жел мен құрғақ өсімдіктердің көптігі жалынның тез таралуына себеп болып отыр”, – делінген хабарламада.

Оқиға орнына Павлодар облысы ТЖД басшылығы мен әкімдік өкілдері аттанды. ТЖМ және облыстық ТЖД жедел штабы құрылды.

“Қосымша өрт орнына 38 ТЖД қызметкері мен 11 арнайы техника жіберілді. Жағдай ерекше бақылауда”, – деп хабарлады төтенше жағдайлар қызметі.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пьяные что ли? Пугачева с мужем шокировали своим развратом
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
1 чайная ложка на ночь и все - потенция сильнее, чем в 20 лет
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Видео: малютка и бабуля обсуждают жизнь — умора
Пікірлер