Рахмон айтпен құттықтап, елді тәжік халқына кір келтірмеуге шақырды

1629
Adyrna.kz Telegram
Фото: Anadolu
Фото: Anadolu

Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон елді Рамазан айының аяқталуымен құттықтады, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі.

Президент күні ертең дүние жүзі мұсылмандары құрмет тұтатын Ораза айтымен құттықтады.

"Осы қасиетті де діни мерекеге орай даңқты Тәжікстан халқын және шетелдік қандастарымызды шын жүректен құттықтаймын. Еліміздегі әрбір отбасына бақытты да баянды өмір, ал сүйікті Отанымызға мәңгілік мызғымас бейбітшілік пен баянды тұрақтылық тілеймін", - деді.

Президент Рахмон айтпен құттықтап, елді тәжік халқына кір келтірмеуге шақырды

"Біз балаларымызды даңқты бабаларымыздың есімі мен естелігіне лайық болатындай етіп тәрбиелеуіміз керек, мемлекет пен ұлттың халықаралық аренадағы беделі мен имиджін көтеріп, ешбір жағдайда тәжік халқының абыройына нұқсан келтірмейтіндей етіп тәрбиелеуіміз керек", - деді.

Еске сала кетейік, 22 наурыз күні кешке Мәскеу түбіндегі Crocus City Hall ғимаратында теракт болып, 144 адам қаза тапқан. Ал зардап шеккендер саны 551 адамға жеткен. Күдікті ретінде төрт Тәжікстан азаматы ұсталған. Бірінің айтуынша, оған адамдарды атып өлтіргені үшін 500 мың рубль уәде етілген.

Кейіннен Түркия Тәжікстанмен визасыз режимнің күшін жойды.

Эмомали Рахмон наурызда қоғам өкілдерімен және дін қайраткерлерімен кездесуінде лаңкестердің мемлекет беделіне кір келтіріп жүргенін айтқан болатын. Үш жылда әлемнің 10 елінде Тәжікстанның 24 азаматы лаңкестік әрекеттер жасаған. Ал 10 жыл ішінде тәжік азаматтарының тарапынан экстремистік және террористік сипаттағы 6680 қылмыс анықталып, тіркелген.

Пікірлер