Ақтаудағы жол үстіндегі жаппай төбелеске қатысты күдіктілер ұсталды – Полиция

963
Adyrna.kz Telegram
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Ақтау қаласының орталығында орын алған жол үстіндегі төбелеске қатысқандар ұсталды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы Kozachkov offside-қа сілтеп.

«Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдіктілер ұсталды. Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Тергеу амалдары жалғасуда», – делінген облыстық полиция департаменті таратқан хабарламада.

Еске салайық, әлеуметтік желілерде Ақтаудың орталығында жол бойында бірнеше адамның қатысуымен болған төбелестің видеосы тараған еді. Оқиғаға қатысты әзірге ресми түсініктеме берілмеді.

Пікірлер