Алматыда жер сілкінісі сезілді

1324
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2024/01/photo-output-7-960x500.jpeg?token=883724c508feb03594b051409d918d06
Алматылықтар мен облыс тұрғындары жер сілкінісін сезді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. Бұл туралы тұрғындарға төтенше жағдайлар қызметінен тиісті хабарламалар келіп түскен. Зілзаланың магнитудасы 3,6-ны құраған. Эпицентрі Қырғызстан аумағында, Алматы қаласынан 41 шақырым жерде орналасқан. Жерасты дүмпулері Астана уақытымен 20:35-те тіркелді. Зілзала ошағы 14 шақырым тереңдікте болған. Google Карталар да Алматы маңындағы жерасты дүмпулерін көрсеткен.
Комментарии