Тәжікстан президенті Қырғызстанға мемлекеттік сапармен барды

180
Adyrna.kz Telegram
Фото: kabarlar.org
Фото: kabarlar.org

Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон 13 наурызда мемлекеттік сапармен Қырғызстанға келді. Бұл туралы Қырғызстан президентінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Тәжікстан көшбасшысын Бішкектегі «Манас» халықаралық әуежайында Қырғызстан президенті Садыр Жапаров қарсы алды.

«Ұлттық киімдегі қыздар Эмомали Рахмонды гүл шоқтарымен қарсы алды. Мемлекет басшыларына қырғыз және тәжік өнерпаздары орындаған музыкалық шығармалар ұсынылған концерттік бағдарлама көрсетілді», – делінген ресми хабарламада.

Мемлекеттік сапар аясында екі ел басшылары екіжақты ынтымақтастықты дамыту және маңызды мәселелерді талқылайды. Сондай-ақ бірнеше екіжақты келісімдерге қол қойылады деп жоспарланған.

Қырғызстан президенті әкімшілігінің сыртқы саясат бөлімінің жетекшісінің мәлімдеуінше, Эмомали Рахмонның сапары барысында Қырғызстан мен Тәжікстан арасындағы мемлекеттік шекара туралы келісімге қол қойылады.

Айта кетейік, 21 ақпанда Бішкекте өткен Қырғызстан мен Тәжікстан үкіметтік делегацияларының бірлескен отырысында шекара мәселесі бойынша түпкілікті хаттамаға қол қойылған болатын.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Позвали Таню, и жены начали уводить мужей. Не стесняется стыдобы
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Стальная потенция будет всю ночь! Вот что нужно сделать вечером
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пьяные что ли? Пугачева с мужем шокировали своим развратом
Пікірлер