Тоқаев Рамазан айының басталуымен құттықтады

791
Adyrna.kz Telegram
Фото: Ақорда
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Рамазан айының басталуымен Қазақстан халқын құттықтады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

 Президент қасиетті оразаның мән-маңызы айрықша екенін атап өтті.

 «Бұл – қоғамда имандылық, адалдық, жанашырлық, мейірімділік сияқты мызғымас құндылықтарға барынша мән берілетін кезең. Бүкіл мұсылман қауымының ынтымағы артып, бір-біріне бауырмалдығы айқын көрінетін мезгіл.

 Дін мен дәстүр сабақтастығын берік ұстанатын ел татулығын, тұрақтылығы мен тыныштығын сақтап, кез келген сын-қатерден сүрінбей өте алады. Мен Қазақстан халқының әрдайым рухани үндестікте өмір сүріп, болашаққа нық қадам басатынына сенемін», - деп атап өтті президент. 

 

Пікірлер