Белсенділер Талдықорғандағы петроглифке алаңдаулы

1745
Adyrna.kz Telegram
Фото: Ольга Гумирова
Фото: Ольга Гумирова

Талдықорғанда петроглифтер табылған тауда жарылыс жұмыстары қайта басталды, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі.

Бұл туралы қоғам белсендісі Ольга Гумирова Facebook парақшасында жазды.

Оның сөзінше Талдықорған маңында Қызылтас тауларындағы петроглифтер бар. Алайда көне жазулар, ескерткіштер табылған тауда "Темірбетон" серіктестігі қайта жарылыс жұмыстарын бастаған.

"Жақында Тасбақа аймағында жарылыстар болды, қаланы дүр сілкіндіргендей жарылыстар! Біздің еріктілер жарылыс болған жерді тексеріп жатыр. Жарылыс жұмыстарының үлкен елді мекенге жақын жерде, қала шекарасында жүргізіліп жатқанын бірінші рет естіп тұрмын! Бұл жалпы қауіпсіздік мақсатында қолайлы ма?

Әкімдік пен Мәдениет министрлігінің қызметкерлері «Темірбетон» кәсіпорнына диорит өндіруге рұқсат етілген төбеден басқа жерде екенін айтады", - деп жазған ол.

Қоғам белсендісі әрбір петроглифтер ел тарихына құнды екенін айтады. Сондай-ақ ол бір шара қабылдау керектігін айтады.

"Қызылтас жотасының петроглифтері тарих, археология және әлеуметтік мәдениет тұрғысынан қызығушылық тудырады және Қазақстанның тарихи-мәдени мұрасы болып табылады.

Қола дәуірінде қалыптаса бастаған біртұтас кешен болғандықтан және бұл процесс ХХ ғасырдың басына дейін жалғасқан Қызылтас жотасының жеке бөлігі емес, бүкіл аумағына арнайы археологиялық сараптама жүргізу қажет. Қызылтас жотасының аумағында орналасқан барлық археологиялық нысандардың шекарасын белгілеп, күзет аймақтарын белгілеп, әрбір нысанға тіркеу карточкаларын дайындау қажет.

Ғылыми-зерттеу жұмыстары кешені аяқталғанға дейін Қызылтас жотасының аумағында шаруашылық қызметтің барлық түрлерін шектеу шараларын қабылдау қажет.

Жаңадан табылған петроглифтер мен Қызылтас жотасының елді мекендерін жергілікті маңызы бар Жетісу өңірінің тарих және мәдениет ескерткіштерін алдын ала есепке алу тізбесіне қосу қажет", - дейді Ольга Гумирова.

Пікірлер