31- ші желтоқсан күні Талдықорғанда 3- бөлімшеде табиғи газ жарылысынан екі қабатты үйдің өртенді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
ТЖД мәліметінше, өрттің аумағы 120 шаршы метрді қамтыған.
“2024 жылғы 31 желтоқсанда сағат 07:18–де Талдықорғанда 3-ші бөлімшеде, мешіт маңында орналасқан екі қабатты жеке тұрғын үйде өрт болды. Өрт газ-ауа қоспасының жарылуынан шығып, үйдің екінші қабаты, қабырғаларының бір бөлігі және шатыры құлады. Өрт сөндірушілер келгенге дейін үйден 7 адам, оның ішінде 3 бала эвакуацияланған. Оқиға орнына жедел түрде өрт сөндіру бөлімшелері, Төтенше жағдайлар медицинасы орталығының дәрігерлері және құтқарушылар жетті. Өрт толықтай сағат 07:46–да сөндірілді”, — деді Жетісу облыстық төтенше жағдайлар департаментінің
баспасөз қызметі.
Өрттен үй иесі қайтыс болды.
“Талдықорған қаласындағы ауруханаларға табиғи газдың жарылуынан зардап шеккен 7 адам түсті. Талдықорған қаласындағы облыстық ауруханаға 2 адам, Талдықорған қалалық көпсалалы ауруханаға 3 адам, облыстық балалар ауруханасына 2 адам түсті. Бүгінгі күні 4 адамның жағдайы тұрақталып, травматология бөліміне ауыстырылды. 2 пациент жансақтау бөлімінде ем қабылдап жатыр. Жағдайлары өте ауыр. Алған жарақаттары салдарынан 1973 жылы туған азамат қайтыс болды”, — деді Жетісу облыстық денсаулық сақтау басқармасы.
Талдықорған қаласының баспасөз қызметі де апатқа қатысты арнайы комиссия құрылғандығын хабарлады.
Қазіргі уақытта жарылыстың себебін анықтау мақсатында тексеру шаралары жүргізіліп жатыр.
Другие материалы
Adyrna.kz ұлттық порталының маңызды ақпараттарына жазылу
Соңғы жаңалықтар туралы хабардар болыңыз