Талдықорғанда жасөспірім жас жігітті соққыға жықты деген күдікпен ұсталды

1691
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/10/policziya-960x500.jpeg?token=872acba811ec7e4ef3d5f3b21d5a1ae9
Талдықорған қаласында полиция қызметкерлері 17 жастағы жасөспірімді жас жігітті соққыға жықты деген күдікпен ұстады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. Полицияның мәліметінше, күдікті арнайы есепке алынған, ал оның ата-анасы бала тәрбиесіне қатысты міндеттерін орындамағаны үшін жауапкершілікке тартылады. Сонымен қатар, жергілікті білім бөліміне тиісті ұсыныс жіберілген. Бұған дейін әлеуметтік желіде екі жігіттің қатты соққыға жығылған жасөспірімді көтеріп бара жатқан видеосы таралған болатын. Осы оқиғадан кейін құқық қорғау органдары тергеу жұмыстарын бастаған. “Қылмыс жасады деген күдікпен 17 жастағы жасөспірім ұсталды. Қазіргі уақытта тергеу іс-шаралары жүргізілуде”, – деп мәлімдеді полиция. Еске сала кетсек, бұған дейін Семей қаласында бір топ оқушы қатарластарын аяусыз ұрып-соққаны туралы хабарланған еді.
Комментарии