Залда 9 айыпталушы. Талдықорғанда Шерзат Полаттың өліміне қатысты сот басталды

818
Adyrna.kz Telegram
Фото: видеодан алынды
Фото: видеодан алынды

Бүгін Талдықорған қаласындағы Жетісу облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Шерзат Полаттың өліміне қатысты іс бойынша алдын ала тыңдау басталды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Ұлысмедиаға сілтеп.

Сот отырысына 9 сотталушы мен олардың қорғаушылары келді. Жоғарғы соттың коммуникация бөлімінің меңгерушісі Перизат Сәдуақастың айтуынша, істі судья Ержан Серікқазыұлы Жанұзақов қарап жатыр.

Журналистер тарапынан соттың дәл осы жерде не себепті өтіп жатқаны жөнінде сұрақтар қойылды.

"Бұл — қылмыстық іс болғандықтан, істі қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сот қарайды. Әкімшілік немесе азаматтық соттар мұндай істерді қарамайды", – деп түсіндірді судья Сәдуақас.

Ол сондай-ақ, кеңірек залдың қарастырылмағаны жөніндегі журналистердің наразылығына байланысты, бұл ұсынысты жергілікті сот өкілдеріне жеткізетінін айтты. Оның сөзінше, 9 сотталушы да Талдықорғандағы тергеу изоляторында отырғандықтан, сот осы жерде өтіп жатыр.

Айта кетейік, сот отырысы ашық форматта өтуде. Алайда, айыпталушылардың бірі – кәмелетке толмаған жасөспірім болғандықтан, сот өкілдері БАҚ-тан оның бейнесін фото және видеоға түсірмеуді сұрады.

2024 жылғы 4 қазанда Талғар қаласында бірнеше жігіттің 16 жастағы Шерзат Полатты жабылып соққыға жығып, пышақтап өлтіргені қоғамда үлкен резонанс тудырды. Куәгерлер оқиғаны видеоға түсіріп, әлеуметтік желіге жүктеген. Қоғам арасында наразылық күшейіп, оқиғаның әділ тергелуін талап еткендер көп болды.

Оқиғадан кейін 12 қазанға қараған түні марқұмның отбасының үйі өртеніп кетті. Туыстары мұны күдікті тараптың қасақана жасаған әрекетімен байланыстырады.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
У мужчин челюсти отвалились, когда они увидели ее страстный танец
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Вот, что излечит ваши запястья даже в 75 лет! Нужно взять...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Галкин и Пугачева станцевали зажигательный танец на Кипре
Пікірлер