Кеңес кезінде ұшырылған “Космос-482” аппараты жерге құлады

1237
Adyrna.kz Telegram
Фото: ТАСС
Фото: ТАСС

1972 жылы Венераны зерттеу мақсатында ұшырылған кеңестік автоматты “Космос-482” ғарыш аппараты орбитадан шығып, Үнді мұхитына құлады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы ТАСС-қа сілтеп.

Ресми мәліметке сәйкес, аппарат 2025 жылғы 7 мамыр күні Астана уақытымен сағат 11:24-те атмосфераның тығыз қабаттарына еніп, Орта Андаман аралынан батысқа қарай шамамен 560 шақырым жерде, Джакарта қаласының батысындағы Үнді мұхитына құлаған. Құлағаннан кейін құрылғы өз қызметін толықтай тоқтатты.

Айта кетейік, “Космос-482” аппараты 1972 жылдың көктемінде Венера ғаламшарын зерттеу мақсатында ұшырылған болатын. Ол “Венера-8” аппаратымен бірдей конструкцияда жасалған. Алайда күшейткіш қондырғының дұрыс істемеуіне байланысты аппарат Венераға жете алмай, Жердің жоғары эллиптикалық орбитасында қалып қойған. Содан бері ол біртіндеп Жерге жақындап, орбитадан шықты.

Ғалымдар бұл құбылыстың ешқандай қауіп тудырмағанын және бақылауда болғанын атап өтті.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Школьники потрясли всю сеть этим танцем — смотреть без детей!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Видео с выпускного "убило" всех родителей: кто это заснял?!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пьяные что ли? Пугачева с мужем шокировали своим развратом
Пікірлер