Түрмедегі журналист Әйгерім Тілеужанның денсаулығы нашарлады

2984
Adyrna.kz Telegram
Фото: Kaztag.kz
Фото: Kaztag.kz

«Әуежайды басып алу ісі» бойынша 4 жылға сотталған журналист, белсенді Әйгерім Тілеужанның денсаулығы нашарлады. Бұл туралы Masa Media тілшісі жариялады, деп хабарлайды ”Адырна” ұлттық порталы.

«Маған Әйгерімнің денсаулығы нашарлағаны туралы, мекеме тарапынан тиісті көмек көрсетілмегені жөнінде ақпаратты оның анасы айтты. Әйгерім аштық жариялаған кезде оның бірнеше тісі түсіп қалған. Қазір оның денсаулығы нашарлаған», — деді Әйгерім Тілеужанның денсаулығы жөнінде адвокаты Айнара Айдарханова.

Сондай-ақ, адвокаттың айтуынша, Әйгерім Тілеужанның тісі ғана емес, омыртқасы да ауырып, протрузиясы асқынған.

Жауғашты ауылындағы әйелдер түрмесінің әкімшілігі Әйгерім Тілеужанның стационарға жатқызылмауына медицина бөлімі ғимаратының жөнделуі себеп деген.

Айта кетейік, журналист, саяси белсенді Әйгерім Тілеужан Қаңтар оқиғасы кезінде «Алматы әуежайын басып алуды ұйымдастырды» деген айыппен 4 жылға бас бостандығынан айырылған.

Пікірлер