15 көлік соқтығысқан. Астана маңындағы жантүршігерлік жол апаты жайлы тың дерек

2921
Adyrna.kz Telegram

Ақмола полицейлері 15 көлік соқтығысқан ірі жол апатының себебін анықтап жатыр, - деп хабарлайды “Адырна” порталы.

2 қаңтарда Астана-Петропавл тас жолында, Астана бағытында ірі жол апаты болды. Жол апатынан 15 көлік зардап шеккен. Қайтыс болғандар жоқ, алайда үш адам зақым алған, оның ішінде бір бала ауруханаға жатқызылды.

«Жол-көлік оқиғасына кінәлі деп танылған – Mitsubishi көлігін басқарған 69 жастағы Астана қаласының тұрғыны мен Suzuki Vitara көлігінің 34 жастағы жүргізушісіне қатысты ҚР ҚК 610-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды», - деп хабарлады Ақмола облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

 

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Kokshe_city_03🇰🇿 (@kokshe_city_03)

Ведомствоның баспасөз қызметінің хабарлауынша, 31 желтоқсан мен 2 қаңтар аралығында Ақмола облысында 19 жол-көлік оқиғасы орын алған.

Полиция жүргізушілерді жылдамдықты және қашықтықты сақтауға, сондай-ақ ауа райының қолайсыздығына байланысты жол шектеулері туралы төтенше жағдайлар қызметінің ескертулеріне назар аударуға шақырды.

Естеріңізге сала кетейік, 2 қаңтарда күндіз Щучье-Астана тас жолының Жасыл ауылы маңында ірі жол апаты болды.

Пікірлер