Алматыда оқушылар автобусы жол апатына ұшырады (ВИДЕО)

2522
Adyrna.kz Telegram

Алматыда мектеп автобусы жол апатына ұшырады, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы.

Бұл туралы ақпарат Instagram әлеуметтік желісіндегі @dorogi_almaty_official парақшасында пайда болды. Қалалық білім бөлімі түсініктеме беріп, оқиғаны растады.

«5 желтоқсан күні сағат 13.00-13.15 шамасында Жангелдин көшесі мен Баянауыл көшесінің төменгі жағында мектеп автобусы жол апатына тап болды. 20 оқушыны N2 мектепке жеткізген автобус Рысқұлов даңғылындағы тұраққа қайта оралды. Автобус жол қозғалысы ережелерін сақтай отырып, автобус желісінің бойымен солтүстік бағытта келе жатқан. Баянауылдан өтіп, келесі қиылыста Land Cruiser джипі оң жақтағы автобусты алдыңғы есік жағынан соқты. Көлік ішінде балалар болған жоқ, ешкім зардап шеккен жоқ».

Басқарма оқушыларды үздіксіз тасымалдау үшін кешкі тасымалдаудың жаңа кестесі жасалғанын және барлық балаларды уақытында жеткізуге уәде берді.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от @dorogi_almaty_official +21🇰🇿 (@dorogi_almaty_official)

 

Пікірлер