Алматыда жасөспірім жігіт көшеде қарт адамды соққыға жықты, - деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Әлеуметтік желіде жас жігіттің қарт кісіге жақындап, бетінен бірнеше рет ұрған, содан кейін ер адам жерге құлаған видео тарады. Ал кадр сыртында жағдайды бақылап видеоға түсіріп жатқан басқа жігіттің күлкісі мен мазағына айналды.
Назар аударыңыз, бейнеде балағат сөздер бар!
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Алматы полициясы аталған фактіні ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы «Бұзақылық» бойынша Бостандық аудандық полиция басқармасына қарасты полиция бөліміне тіркеп, тергеп жатқанын хабарлады.
"Осы қылмысты жасады деген күдікпен 2007 жылы туған кәмелетке толмаған азамат ұсталды. Басқа да мән-жайлар анықталып жатыр. Тиісті сараптамалар тағайындалды", - деді полицейлер.