Алматы маңында 2021 жылы апатқа ұшыраған Ұлттық қауіпсіздік комитетінің (ҰҚК) АН-26 ұшағы металл сынығы ретінде сатылды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
e-qazyna.kz веб-порталында жарияланған мәліметтерге сәйкес, ұшақтың қирандыларын сатып алуға қатысу үшін 810 897 теңге кепілдік жарна төлеу қажет болған. Бастапқы бағасы 1 351 494,75 теңге деп белгіленген әуе кемесі сауда-саттық барысында 1 416 200 теңгеге сатылған.
"Лот төртінші рет жарияланған кезде ғана
сатылды. ҰҚК ұсынысы бойынша металл сынықтары Өнеркәсіп және құрылыс министрінің бұйрығымен бағаланып, сатылатын нысандар тізіміне енгізілді", – деп мәлімдеді ұшақ сынықтарын сатылымға шығарған "Қазарнаулыэкспорт" кәсіпорны.
Еске сала кетейік, 2021 жылдың 13 наурызында Астана Алматыға бағыт алған АН-26 әскери ұшағы қону кезінде апатқа ұшыраған болатын. Бұл оқиғада төрт экипаж мүшесі қаза тауып, екі адам ауыр жарақат алған.
Другие материалы
Adyrna.kz ұлттық порталының маңызды ақпараттарына жазылу
Соңғы жаңалықтар туралы хабардар болыңыз