Алматы маңында жер сілкінді

1268
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/10/whatsapp-image-2023-10-07-at-19.37.58-960x500.jpeg?token=746327fe4fab57014a9b7a4c2bcd9c1f
Қазақстандық сейсмологиялық станциялар 1 ақпан күні Астана уақыты бойынша 07:05-те жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. Жер сілкінісінің эпицентрі Алматы қаласынан 270 шақырым қашықтықта, Қытай аумағында орналасқан. Бұл туралы ҚР Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты сейсмикалық станциялар желісі хабарлады. Казақстандық Ұлттық деректер орталығының мәліметінше, жер сілкінісінің магнитудасы – 4.5, энергетикалық класы – 9.8. Жер асты дүмпулері Қазақстан аумағында сезілмеген.
Комментарии