“Жақында Украинадағы қақтығыс тоқтайды деп үміттенеміз“ - Тоқаев

2444
Adyrna.kz Telegram
2023 жылғы 20 маусым күні Германия Федералды президентімен кездесуі барысында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның Украинадағы жағдайға қатысты ұстанымын хабарлап, сыртқы саясаттағы бағытын тағы да айқындап берді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Украинадағы дағдарыс, халықаралық күрделенген саясаттағы Қазақстан ұстанымы мен басқыншылық жорықтарына қатысты ел айқындамасы. Қасым-Жомарт Тоқаев бұл күрделі мәселелерге қатысты ел ұстанымын нақты жеткізді.

Біріншіден, оның сөзінше, Қазақстан БҰҰ Жарғысын қатаң сақтауы керек. Жалпы айтқанда, БҰҰ-ны әлемдегі бірегей ұйым ретінде мойындап, қолдауға тиіспіз.

Екіншіден, Президент Қытайдың, сондай-ақ басқа да мемлекеттердің барлық бейбіт бастамасын қолдауымыз қажет екенін айтты.

"Жақын арада Украинадағы қарулы қақтығыс тоқтайды деп үміттенеміз. Содан кейін ғана жердің бұл  бөлігінде мызғымас бейбіт өмір орнайтыны туралы сөз қозғай аламыз. Қазақстанға келетін болсақ, біз осы мақсатқа қол жеткізуге өз үлесімізді қосуға дайынбыз", – деді Қазақстан Президенті.

Бұған қоса Тоқаев Қазақстанның Ресейден де "көз жазып" қалғысы келмейтінін жеткізді.  Ресей мен Қазақстанның стратегиялық серіктес және бірнеше ұйымның ортақ мүшесі екенін сөз етіп, екіжақты байланыс жайын айтты.

"Сондықтан біздің мақсатымыз – Ресей мен Қазақстан арасындағы екіжақты байланысты сақтау және  халықаралық ұйымдардың талаптарын ескере отырып өзара ынтымақтастығымызды нығайту", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер