Қымбат кортеж, яхта жалдау, жұлдызды әртістер. 2023 жылдың соңғы қоңырауы қалай соғылды?

3763
Adyrna.kz Telegram

1 маусым күні Қазақстандық мектептерде соңғы қоңырау соғылды. Биылғы түлектер де қымбат кортеждермен, шулы рәсімдермен желіні жаруда. 

“Адырна” порталы әлжеліде тараған еліміздегі соңғы қоңырау мерекесінен кейінгі ерекше сәттердің топтамасын жариялады.

Видеолардан түрлі аймақтағы түлектердің қымбат көліктер мініп кортеж ұйымдастырғанын, тіпті кейбірінің яхта жалдағанын байқасаңыздар болады. Ал Тараздық мектептің бірінде жұлдызды әртістер өнер көрсеткен.

Өнер көрсеткен әртістер ішінде МузАРТ тобы, Әбдіжаппар Әлқожа, Серікбол Сайлаубек, Нұрболат Абдуллин, Әділет Жауғашар, Ғазизхан Шекербеков болды. "Адырна" тілшісінің алған ақпараты бойынша әншілер сол мектептің түлегі Бейбіт Ыстыбаевтың 20 жылдық мерекесіне келген.

Шар ұшыру және вальс билеу сәтінен қызықты кадрларды назарларыңызға ұсынамыз.

Сондай-ақ, кадрлардан мектеп бітіру салтанатына хиджаб киетін түлекті қатыстырмай қойғанын байқауға болады. Оқушы қыз қатарластарынан тыс қалып, соңғы қоңырау соғылған сәтті терезеден көрген.

Видео топтаманы төменнен көре аласыз:

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от ADYRNA.KZ - Жаңалықтар (@adyrna.kz)

Пікірлер