«Ауыл» партиясы ресми мәлімдеме жасады

3080
Adyrna.kz Telegram

«Ауыл» халық-демократиялық патриоттық партиясы ресми мәлімдеме жасады. Бұл туралы партияның ресми сайтында жарияланды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

“Қазақстандықтар өз таңдауын жасады. «Ауыл» Халық-демократиялық патриоттық партиясына дауыс берген әр азаматқа ризашылығымызды білдіреміз!

Мәжіліс мен мәслихаттар депутаттарының кезектен тыс сайлауы Президент бастамасымен 2022 жылы өткен Конституциялық реформалардың заңды жалғасы болды. «Ауыл» партиясы пропорционалды жүйе арқылы, ал оның қатарындағы азаматтар өз конституциялық құқықтарын пайдаланып, бірмандаттық округ бойынша сайлану мүмкіндігін еркін қолданды.

       «Ауыл» партиясы сайлау заң нормаларына сәйкес, әділ, ашық және тиісті деңгейінде өткендігін растайды. Үгіт насихат жұмысы, сондай-ақ кандидаттарымызды тіркеу барысында қысым, шектеу әрекеттері тіркелген жоқ.

Саяси партиялар арасында да, бірмандаттық округпен додаға түскен кандидаттарымызда да еркін бәсекелестік болғанын хабарлаймыз. Партия өкілдерінің тәуелсіз бақылаушылармен өткізген кездесулері барлық стандартарға сай жүргізілді.

       «Ауыл» партиясы үгіт-насихат жұмыстары кезінде берілген уәделер мен алға қойған мақсаттарды іспен дәлелдеуге дайын. Әр ауылдың даңқы мен өмір сүру деңгейін жоғарылату мақсатында Мәжіліс пен мәслихаттарда нақты шешімдер қабылдау үшін белсенді жұмыс атқарамыз.

         Қазақстандықтарды келе жатқан Наурыз мейрамымен құттықтай отыра, жаңа саяси жаңғыру дәуіріне Бірге нық қадам жасауға шақырамыз!”,- делінген мәлімдемеде. 

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Надоели боли в суставах? 7 дней и ваши суставы восстановятся
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Бегайте в 65 как в 20! Восстановите суставы этим средством...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Весишь 81? А будешь 51! Похудение для ленивых! Пейте 1 кислую...
Пікірлер