Қырғызстанда қоғамдық орындарда никаб киюге тыйым салынуы мүмкін

1124
Adyrna.kz Telegram
Сурет: iz.ru
Сурет: iz.ru

Қырғызстан парламентінде талқыланып жатқан «Діни сенім бостандығы және діни бірлестіктер туралы» жаңа заң жобасында мемлекеттік органдар мен қоғамдық орындарда никаб немесе паранджа киюге тыйым салынуы мүмкін. Бұл талапты бұзғандарға 20 мың сом көлемінде айыппұл салу ұсынылған, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодекске 127.1-бапты енгізу ұсынылды. Бапқа сәйкес, адамның жеке басын анықтауға кедергі келтіретін киім киюге шектеу қойылады.

Депутат Дастан Бекешев айыппұлдың мөлшерін сынға алды.

“Никабты көбінесе әлеуметтік тұрғыдан осал әйелдер киеді. 20 мың сом айыппұл оларға ауыр жүк болады. Ал жоғары табысы бар әйелдер арасында никаб киетіндер сирек кездеседі,” – деп мәлімдеді ол.

Дін істері жөніндегі мемлекеттік комиссия бұған дейін никабқа тыйым салатын норманы алып тастау туралы ұсыныс білдірген еді. Олар бұл шешімнің демократия принциптеріне қайшы екенін айтты.

Алайда заң жобасының авторлары бұл пікірмен келіспей, шектеу тек жеке басын анықтауға мүмкіндік бермейтін киімдерге қатысты екенін алға тартты.

Парламентте діни саладағы заңдарға өзгерістер енгізу туралы заң жобасы екінші оқылымда қаралады.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Не смейте выбрасывать зажимы от хлебных упаковок: они бесценны
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец на выпускном взорвал сеть: смотреть без детей
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
У мужчин челюсти отвалились, когда они увидели ее страстный танец
Пікірлер