Қазақстандық ару Томирис Байсафаны өлтірген азамат 13 жылға сотталды

2530
Adyrna.kz Telegram

Мәскеудің Измайловский соты 2018 жылы 13 сәуірде университет ғимаратының терезесінен құлап кеткен қазақстандық МГИМО студенті Томирис Байсафаны өлтірген Муртузали Меджидовқа үкім шығарды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. 

Істі қараған соң Дағыстаннан келген бұрынғы жоғары лауазымды шенеуніктің ұлы Меджидов 13 жылға қатаң режимдегі колонияда жазасын өтеуге кесілді. Алқабилер бірауыздан оны Томиристің өліміне кінәлі деп тапты.

Еске салайық, Меджидов 2020 жылы қамауға алынған, бірақ кейін Никулинский алқасының шешімімен күтпеген жерден ақталған болатын. Ол сот залында босатылды. Алты алқабилердің бесеуі Меджидовтың кінәсіздігі үшін дауыс берді.

Қайтыс болған қазақстандық қыздың туыстары аппеляциялық шағым түсірді. Мәскеу қалалық соты алғашқы сот отырыстары өрескел заң бұзушылықтармен өткенін мойындап, істі қарауға жіберді.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер