Бишімбаев жұбатқан. Актер Шәріп Серік ЖИ-видео жасаған адамды сотқа берді

839
Adyrna.kz Telegram
Фото: instagram.com/shakentii
Фото: instagram.com/shakentii

Актер Шәріп Серіп  жасанды интеллекпен Қуандық Бишімбаевтың өзін жұбататынын көрсеткен видео авторына қарсы арыз түсірді. Бұл туралы Instagram желісінде бейнежазбаның авторы хабарлады. Сондай-ақ мұны Шәріп Серік те блогер Әлішер Елікбаевқа берген сұхбатында растады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Серік бұл бейнежазба оның көңіліне ауыр тигенін айтты. 

«Мен бұл бейнежазба таралған соң, жала жабу және қорлау фактілері бойынша киберполицияға арыз жаздым», — деді ол сұхбатында.

Ал бейнежазбаны жасаған автор өз жұмысының «зорлық-зомбылыққа қарсы азаматтық ұстанымды шығармашылық тұрғыдан жеткізу» екенін және оның «Қазақстанда зорлық-зомбылыққа жол жоқ» деген атаумен жарияланғанын түсіндірді.

«Мен кез келген зорлық-зомбылықты, шапалақ салудан бастап ауыр қылмысқа дейінгі зорлықты айыптаймын. Зорлық-зомбылық қоғамдағы қадірді, ар-ожданды және негізгі құндылықтарды бұзады» деп жазды ол әлеуметтік желіде. 

Сондай-ақ бейнежазбаның мақсаты — қазіргі қоғамда агрессияға жол берілмейтінін еске салу екенін атап өтті.

Еске сала кетсек, сүйіктісін ұрып-соққан актер Шәріп Серік 4 сәуір күні қамауға алынған еді.

Пікірлер