Қаңтар оқиғасы. Археологты өлтірген әскери 7 жылға сотталды

1008
Adyrna.kz Telegram

Алматы гарнизонының әскери соты 2022 жылғы Қаңтар оқиғасы кезінде археолог Ерлан Жағыпаров пен Әуез Қапсалановтың өліміне кінәлі деп танылған Ұлттық ұланның бұрынғы подполковнигіне үкім шығарды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Сот отырысы жабық режимде өтті. Әскери қызметкерге Қылмыстық кодекстің 451-бабы 2-бөлігінің 1) тармағы "Ауыр зардаптарға әкеп соқтырған қаруды қолдана отырып, билікті асыра пайдалану" бойынша іс қаралды.

"Сотталушы билік өкілі бола отырып, өз құқықтары мен өкілеттіктерінен тыс әрекеттер жасады. Салдарынан ауыр зардаптар - екі жәбірленушінің өліміне алып келді", - деп жазды әскери сот.

Сотталушы кінәсін мойындамады.

"Сот шешімімен сотталушы 7 жылға бас бостандығынан айырылды. Ол әскери атағынан да айырылды. Жәбірленушінің пайдасына 20 млн теңге моральдық залал өндірілді", - дейді Алматы қалалық әскери соты.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Еске сала кетейік, Ерлан Жағыпаров – археолог, тарихи-мәдени мұраны зерттеуші болған. Қаңтар оқиғасы кезінде жоғалып кетіп, бірнеше күннен кейін мәйітханадан табылды. Марқұмның денесінде азаптау іздері мен оқ жарақаты болған.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
1 чайная ложка на ночь и все - потенция сильнее, чем в 20 лет
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец выпускников взорвал интернет: Смотреть до конца!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Это спасет потенцию даже в 70 лет! Продается в каждой аптеке...
Пікірлер