Жамбыл облысында 2 жасар бала пойыз астына түсіп, көз жұмды

2594
Adyrna.kz Telegram

Жамбыл облысында 2 жасар бүлдіршін темір жолға жүгіріп шығып, пойыз астына түсіп көз жұмды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы “Қазақстан темір жолы” АҚ-қа сілтеме жасап. 

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, қайғылы жағдай болған кезде 2 жасар бала темір жолда жалғыз жүрген. Оқиға 4 наурыз күні Жамбыл облысындағы Малдыбай станциясында болған.

"Екі жасар бала темір жолға жугырып шығып, өтіп бара жатқан пойыздың астына түсті. Қайғылы оқиға 2022 жылдың 4 наурызында Жамбыл облысының Малдыбай станциясында 17 сағат 52 минутта орын алды. Қайғылы оқиға кезінде бала қауіпті аймақта ересектердің қарауынсыз болған. Алдын ала мәліметтер қарағанда, баланың отбасы темір жолдың жанындағы елді мекенде тұрады. "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ баланың туыстары мен жақындарына көңіл айтады. Теміржолшылар балаларды теміржолдарда, вокзалдардың перрондарында қараусыз қалдырмауды сұрайды, өйткені балалар жағдайды дұрыс бағалай алмайды және қауіпті аңғармайды", - делінген хабарламада.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер