Қарағанды облысында жыл сайын 19 мың сәби дүниеге келетіні рас па? - ФАКТЧЕК

1841

2021 жылдың 1 маусымында «ҚазАқпарат» Халықаралық ақпарат агенттігінде "Қарағанды перзентханасында сәбилерді реанимациялауға арналған заманауи аппарат орнатылды"деген тақырыпта, «Ұлытау» газетінде “Қарағанды перинатология орталығында сәбилерді реанимациялауға арналған заманауи аппарат орнатылды" деген тақырыпта, 2021 жылдың 27 қыркүйегінде “Егемен Қазақстан” газетінде “Сәбидің өмірін сақтағандар” тақырыбымен мақала жарияланып, Қарағанды облысындағы бала туу көрсеткіші бойынша бірқатар күмәнді деректер келтірілді. Біз бұл ақпараттың рас-өтірігін тексеріп көрейік.

«Жыл сайын Қарағанды облысында 19 мың бала дүниеге келеді, оның ішінде мерзімінен бұрын туатындар – шамамен 7%».

«Жыл сайын Қарағанды облысында 19 мың бала дүниеге келеді»

 Үкім: Жалған

Ұлттық статистика бюросының деректеріне сай, Қарағанды облысында 2016 жылы - 23 950, 2017 жылы - 22 715, 2018 жылы - 22 950, 2019 жылы – 23 034, 2020 жылы - 23 423, ал 2021 жылғы қаңтар-қыркүйекте туғандар саны – 18 106 адамды құрады. Яғни, аталған пайыздық көрсеткіш мақаладағы сандармен сәйкес келмейді.

«Оның ішінде мерзімінен бұрын туатындар – шамамен 7%».

 Үкім: Жалған

Ұлттық статистика бюросы мәліметінше, жалпылай айтқанда Қазақстанда шала туғандар саны 2016 жылы - 5,5%, 2017 жылы -5,5%, 2018 жылы - 5,4%, 2019 жылы – 5,5%, 2020 жылы - 5,1%-ды құрады. Демек, бұл да жалған мәлімет.

 

БАҚ беттерінде жарияланған мақалаға жүргізілген фактчек қорытындысы бойынша, ақпаратта келтірілген фактілер шындыққа жанаспайды. Жыл сайын Қарағанды облысында 19 мың емес, орташа есеппен 23 мың сәби дүниеге келеді және мерзімінен бұрын туатындар – шамамен 5%-ды құрайды.

Зарина ӘШІРБЕК,

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер
Редакция таңдауы
Серіктестер/Партнеры
Студия IMA - создание сайтов Доставка цветов Астана - Lova Buket