Ауыз су сапасының жоғары болуы халық денсаулығының да кепілі

3196
Adyrna.kz Telegram

Еліміздегі ауыл  аймақтардағы ахуалды жақсарту мақсатында, соның ішінде ауылдағы әлеуметтік мәселелерді шешу үшін  «Өңірлерді дамыту – 2020» бірыңғай бағдарламасы қабылданған еді. Осыдан алты жыл бұрын қабылданған бағдарлама аясында көптеген жұмыстар атқарылғанына ел куә.

Бағдарламаға «Өңірлерді дамыту», «Моноқалаларды дамыту», «Ақ бұлақ», «Тұрғын үй коммуналдық шаруашылығын жаңғырту», «Қолжетімді тұрғын үй – 2020» бағдарламаларының ережелері, сондай-ақ, шағын қалаларды дамыту бағдарламасының жобасы біріктірілген. Бүгін де осы бағыттар бойынша жұмыстар жалғасын табуда.

Мысалы, «Өңірлерді дамыту – 2020» бағдарламасы бойынша ауыл тұрғындарын  ауыз сумен қамтамасыз ету сәтті жүзеге асырылып жатыр. Жоспар бойынша 2025 жылға дейін қалалар 100 пайыз, елді мекендер 80 пайызға ауыз сумен қамтылады деп күтілуде. Бұған дейін Елбасы ауылдарды ауыз сумен қамту қаржысын жыл сайын 100 млрд теңгеге арттыруды тапсырғаны есімізде. Бұл тапсырма өз деңгейінде жүзеге асырылып келеді. Биыл ауыл тұрғындарының 87 пайызын  ауыз сумен қамтамасыз ету жоспарлануда. Мемлекет бұл жобаға бюджеттен 111,5 млрд. теңге бөлді.

        Халықты сапалы ауыз сумен және су бұру қызметтерімен қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстарды жалғастыру мақсатында 2020-2025 жылдарға арналған «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде биыл республикалық бюджеттен 111,5 млрд. теңге қарастырылып отыр.

Бұл  қаражат бойынша 316 жоба іске асырылады. Нәтижесінде қалаларда халықты ауыз сумен қамтамасыз ету көрсеткіші 97,5 пайызға артып, көрсеткіш жүз пайыздық межеге дейін жеткізіледі деп күтілуде. Бұл дегеніңіз жүздеген миллион тұрғынды таза ауыз сумен қамтамасыз етудің көрсеткіші саналады.

Ал ауылдық аймақтарда бұл көрсеткіш 87,7 пайызға  жетіп, 6,84 млн. адамды қамтиды. Сондай-ақ, қалаларда ағынды суларды тазартумен қамту 74,9 пайызды құрайды.

Өткен жылы бұл бағытта 404 жоба жүзеге асырылып, 4078 ауыл сумен қамтылды. Қазіргі уақытта ел бойынша ауыз суға қолжетімділік көрсеткіші - 92,6 пайыздық үлесте.

 

«Суресурстары  маркетинг» ЖШСнің ресми ақпаратында сумен жабдықтау мәселесі бойынша маңызды ақпарат жарияланды.

«ГАЖ сумен жабдықтау қызметінде Соңғы екі жыл ішінде «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-і географиялық ақпараттық жүйемен (ГАЖ) тығыз жұмыс жасайды. Мұнымен «KelesTech» ЖШС-і айналысады, оның құрамына екі инженер-гидравлик және екі маман кіреді, процесті Нұрсұлтан Рахманбеков басқарады.

«Екі жыл ішінде біз ауқымды жұмыс жасадық. Оған қазіргі ГАЖ мәліметтер базасын жаңарту ғана емес, сонымен қатар жаңа гидравликалық модельді құру да кіреді. Әр қадам қаланы сумен жабдықтау сапасын жақсартуға жаңа мүмкіндіктер ашады. Мәселен, құрастырылған және калибрленген гидравликалық модельдің көмегімен артық қысым немесе, керісінше, төмен қысымы бар проблемалық учаскелерді, сондай-ақ магистральдық құбырлардың үлкен жүк көтеретін учаскелерін көруге мүмкіндік туды», - деді Н.Рахманбеков. Инженер-гидравликтер сумен жабдықтау сапасын жақсарту мен дамытудың түрлі жолдарын ұсынды, оларды «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-ң басшылығы бірден пайдаланды.

Кәсіпорынның тәжірибесіне көптеген ұсыныстар енгізілді. Нәтижесінде орталық диспетчерлік қызметке суды дұрыс жеткізбеу және апатқа байланысты күнделікті өтініштер саны айтарлықтай азайды. Гидравликалық модельді жетілдіру жұмыстары жалғасуда, орталық диспетчерлік қызметке берілген әрбір өтінімді міндетті түрде инженер-гидравлик өңдейді. Сонымен қатар, туындаған проблемаларды жою және қызмет көрсету сапасын жақсарту үшін түрлі жолдар ұсынылады».

Демек, алдағы уақытта гидравликалық модельдер құрылып, нәтижесінде сумен жабдықтаудың, тұтынатын судың сапасын жақсартуға кең жол ашылады. Бұл жаңалық өз тарапынан қала халқын зор қуанышқа бөлеуде. Күнделікті тұрмыста қолданылатын ауыз судың сапасы  әрбіріміз үшін асамаңызды екенін ескерсек, «Су ресурстары маркетинг» ЖШСнің қолға алған жаңа бастамасы құптарлық деуге болады.

«Адырна» ұлттық порталы.

Пікірлер