Албания TikTok әлеуметтік желісіне тыйым салмақ

1135
Adyrna.kz Telegram

Албания билігі TikTok әлеуметтік желісін ел аумағында бұғаттайтын болды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Euronews-ке сілтеме жасап.

Бұл туралы Албания премьер-министрі Эди Рама мәлімдеді.

Саясаткер TikTok-ты балалар арасында зорлық-зомбылық пен қорлауға итермелейді деп айыптады.

Әлеуметтік желіні бұғаттауға  қараша айының ортасында орын алған оқиға себеп болған. Албанияда 14 жастағы жасөспірімді құрдасы өлтірген. Болжам бойынша, бұл қайғылы оқиға TikTok-та басталған жанжалдан туындаған.

Ата-аналар мен мұғалімдермен кездесу барысында премьер-министр Эди Рама TikTok-қа қолжетімділік "толығымен және барлығына жабылады. Албания Республикасында TikTok болмайды" деп мәлімдеді.

Әлеуметтік желіні келесі жылы бұғаттау жоспарланып отыр. Бірақ нақты күні әлі белгісіз.

Ақпарат көздерінің мәліметінше, албандық ата-аналар балалардың мектепке пышақ және басқа да заттар алып келуі туралы жиі хабарланатын оқиғаларға алаңдаушылық білдіруде. Олардың пікірінше, мұндай мінез-құлыққа TikTok-тағы контент себеп болуда.

Айта кетейік, TikTok әлеуметтік желісіне Үндістан мен Гонконгта толықтай тыйым салынған.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Вот, что излечит ваши запястья даже в 75 лет! Нужно взять...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Природный чистильщик сосудов! Уже утром давление будет 120/80!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Женатым лучше не смотреть: танец роскошной Татьяны (видео)
Пікірлер