Есін жинады. Шырша безендіру кезінде құлаған мұғалімнің жағдайы белгілі болды

1059
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2024/02/b53d4736-ea2c-49cd-9e74-cfc4c1d47515-960x500.jpeg?token=fbe290524e7af7cc8d1f2f13933a8611
Семей қаласында  жаңа жылдық шыршаны безендіру кезінде биіктен құлаған мұғалімнің жағдайы белгілі болды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.  49-мектепте жұмыс істейтін Қуат Айтқалидің реанимацияға түскені анықталды. Журналист әрі қоғам белсендісі Оңғар Қабден әлеуметтік желі парақшасында есін жиғанын жазды. Ал, журналист Жалғас Зейнолла Facebook-те қалдырған пікірінде мұғалімнің бас сүйегі сынғанын және миына қан құйылғанын жазған. Сондай-ақ, туыстарына қысым көрсетіліп жатқанын да айтқан. Бұған дейін, мұғалімнің мектепте жаңа жылдық шыршаны безендіру кезінде биіктен құлап, жарақат алғаны туралы жазған едік. Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев бұл оқиғаның ерекше бақылауда екенін айтқан болатын.
Комментарии