Хама қырғыны: Асад оппозицияны қалай бомбалады?

8509
Adyrna.kz Telegram

40 жыл бұрынғы бомбалаудан кейін Сириядағы Хама қаласын дауыл басып алған болатын. 1982 жылы 2 ақпанда Сирия үкіметінің әскері «қорғаныс бригадаларының» жартылай әскерилерінің қолдауымен елдің төртінші үлкен қаласы Хаманы бомбалап, кейін басып алды. Сирияның қазіргі президенті Башар Асадтың әкесі билікте болған кездегі көтеріліс оппозиция арасында «Хамадағы қырғын» деген атау алды. Мұндай бей-берекет қақтығыстың бұлыңғыр жайттары көп. Сондықтан 40 жыл бұрыңғы оқиғаға шолу жасайық.

Айта кетейік, Хама - Сирияның Халеп, Дамаскі және Хомс қалаларынан кейінгі төртінші қаласы. Ол елдің солтүстік-батыс бөлігінде орналасқан. 1980-жылдардың басында Сирия президенті Хафиз әл -Асадтың азаттықты жою үшін жұмыс істейтін «Сирия мұсылман бауырларының» тірегі болды. 1982 жылдың ақпан айында Асад өз әскерін қаланы бұзуға бұйырды.

Осыдан 40 жыл бұрын 1982 жылы 2 ақпанда қазіргі президент Башар Асадтың әкесі Сирия президенті Хафез әл-Асадтың бұйрығымен Хама қаласына қоршау орнатылып, бомбалады. Кейін шабуыл жасады. Мұның бәрі «Мұсылман бауырлар» (Ресейде тыйым салынған ұйым) көтерген исламдық көтерілісті басу кезінде болды. Бірақ қаланы басып алу бейбіт тұрғындар арасында ауыр шығынға әкелді.

«Бұл оқиға әлі күнге дейін кез келген араб үкіметінің қазіргі Таяу Шығыстағы өз халқына қарсы әрекеті әрі ең өлімге әкелетін оқиғалардың бірі болып саналады», - дейді New Yorker шолушысы және сириялық сарапшы Робин Райт.

Ал Батыс аймақтар бұл оқиғаны «Хамадағы көтеріліс» немесе «Хамадағы қырғын» деп атап кетті.

«Қорғаныс бригадаларын» басқарған қазіргі президент Башар Асадтың ағасы Хафез әл-Асад пен оның інісі Рифат әл-Асадтың қатал және шешуші әрекеттерін Таяу Шығыс сарапшылары көптен бері айтып келеді. Қанды болса да, күрделі араб мәселелерін тиімді шешуге ұмтылды. Нәтижесінде, қаншама жыл бойы ұйымдасқан оппозиция іс жүзінде тоқтатылды. Ал сунниттердің көпшілігін қорқытып, басып-жаншыды. Сондай-ақ, алавиттерден тұратын қазіргі үкіметке адал болды.

Алайда 2000-жылдары Сириядағы күресте жаңа өрлеудің басталуымен қоғамдағы әртүрлі топ арасындағы текетірестің жойылмағаны, көтерілістердің және оларды басудың бұрынғы сценарийлері қайта жаңғыртылғаны белілі болды. Тіпті, қуғын-сүргіндерді еске алу мен қаза тапқандардың ұрпақтарына тыныш өмір сүруге мүмкіндік бермеді. Ал Батыста оқып, өмір сүріп, офтальмолог-дәрігер ретінде қызмет еткен «ағартушы», зиялы Башар Асад әкесі мен нағашы атасының кейіпін кейді.

Түрлі мәлімет бойынша, «Хамадағы қырғынның» құрбандары 2 мыңнан 40 мыңға жеткен.Ең ықтимал болжам бойынша, 15-20 мың бейбіт тұрғын мен 1000-ға жуық үкімет әскері қаза тапты. Ал Хамада Асадтың Баас партиясының белсенділері тұтқынға алынып, азапталған.

Сондай-ақ, бұл өлкенің тарихи-мәдени мұрасына да үлкен нұқсан келіп, қаланың көптеген ескі көшесі толығымен жойылды. «Мұсылман бауырлар» қозғалысы да жүздеген белсенді мүшелерінен айырылды. Францияда қуғында тұратын Рифат әл-Асадтың Хамадағы қырғынға қатысын бірнеше рет жоққа шығарды. Алайда ЦРУ есебінде сәйкес оны осы оқиғалар мен басқа да қуғын-сүргін, контрабанда және сыбайлас жемқорлыққа қатысы бар деп тапқан. (2021 жылы қазан айында Башар Асад ағасының Сирияға оралуына рұқсат берді).

350 мыңға жуық халқы бар Сирияның төртінші ірі қаласы Хаманы қоршау 27 күнге созылды. Қаланы үкімет әскерлері жаулап алды, артиллериялық оқ жаудырылды, зымырандық жүйелер жұмыс істеді, авиация белсенді болды, танктер қолданылды.

Ұзақ уақытқа созылған бомбалаудан кейін, әскерлер шабуылға шықты. Олар қала көшелерін қиратып, ескертусіз оқ жаудырды. Көтерілісшілерге қарсы ауыр қару-жарақ пен техниканы қолданды. Тіпті, пулемет және қол гранаталарымен қаруланған. Куәгерлердің айтуынша, кейбір ауданда жасы 14-тен асқан ер адамдарға оқ атылған. Сондай-ақ, адамдар айдалып бара жатқан техникум ғимаратынан ешкім тірі шықпаған.

Бүлікшілдер қаланы қирандыға айналдырған төрт күндік шайқастан кейін бірнеше апта бойы жүйелі тазарту жалғасты. Мыңдаған азамат түрмеге қамалды. Ал кейін қала тұрғындары олардың мүлкіне қатысты мәселеге тап болды. Өйткені өлгендердің куәліктері туыстарына берілмеді. Сондай-ақ, 63 мешіт пен 4 шіркеу толығымен қираған.

«Қырғынның төртінші күні ауданымыз қоршауға алынды, режим сарбаздары үйлерді қоршай бастады», - деді 62 жастағы куәгер Ибейси Түркияның Anadolu ақпарат агенттігіне берген сұхбатында. «Сарбаздар әр үйдің алдында ер-азаматтарға, қарттар мен балаларға оқ жаудырды. Келесі күні үйден шыққанда, қаланың әр жерінде мәйіттердің жатқанын көрдік. Жараланғандар да болды. Бірақ біздің ауданды сарбаздар қоршап алғандықтан, оларға көмек көрсетуге ешкімнің батылы бармады. Мәйіттер көшеде кем дегенде бір апта жатты. Кейін бұл мәйіттер жаппай жерленді».

«Мен үлкен көшемен келе жатқан едім, ол үйінділерге толы болы. Хаманың әйгілі сағатының жанынан өткенде, оның ізі де қалмаған. Ұлы мешіттен де бірде-бір із қалмады. Мен қирандыға айналған аумақтарды көрдім», - дейді тағы бір жергілікті тұрғын көтеріліс басылғаннан кейінгі алғашқы күндерді.

«Хамадағы қырғынға тыйым салынды. Тіпті халық бұл туралы өз араларында айта алмады. Қаза тапқандар мен із-түссіз жоғалғандар отбасыларына да айтылмады». – деді сол кезде осы қалада тұрған Ясир әл-Хамауи. – Бұл оқиға жай ғана «көтеріліс» деп аталды.

Муайяд Кандакжидің көтерілісті басып алғандардың көзқарасы бойынша қалай көрінетіні туралы Правда.Ру агенттігіне берген сұхбатында: «Хамада менің көп туысым тұратын. Ал бұл толқуды басуға менің танк офицері ретінде қызмет ететін ағам қатысты.

Хамада шынымен де, «Мұсылман бауырлар» қозғалысының қарулы көтерілісі болды. Бірақ билік бейнелегендей ауқымда емес. Бүкіл қаланы содырлар басып алған жоқ. Тек жекелеген аудандарда ғана болды. Өйткені жергілікті радикалды оппозицияның құрамында 500-ге жуық адам бар. Ал халықтың бір бөлігі оған моральдық қолдау көрсетті. Хамаға шабуыл жасау туралы бұйрық билік пен халықтың айтарлықтай бөлігін екіге бөлген өте қатыгез және ақымақ шешім болды. Ал Башар Асад олардың құнын өтеуі керек.

Осы 30 жылдың ішінде барлық қалаға жасалған зұлымдық туралы естеліктер анадан балаға жалғасын тауып келеді.Тағы бір келеңсіз жағдайды айтпай өтуге болмайды. Бұл режимнен зардап шеккен адамдарды пайдалануға тырысқан Батыс пен Парсы шығанағындағы араб монархиялары жүргізген шетелдік интервенция».

Хамадағы көтерілістен бұрын Сирия сунниттерінің арасында толқу болды. Оны кейде «исламдық көтеріліс» деп те атайды. Сонымен қатар, оппозициялық топтардың жаңа баяндамасы үшін немесе керісінше, Асадтың жақтастарын жұмылдыру үшін «Мұсылман бауырлар» немесе арнайы қызмет ұйымдастырған бірқатар арандатушылық пен терактілер болды.

Атап айтқанда, 1979 жылы 16 маусымда Алеппо артиллериялық училищесінің 50-ден 83-ке дейін алавит курсанттары өлтірілді. Өлтірмес бұрын кезекші офицер оларды асханадағы таңғы жиналысқа шақырған. Сирияның ішкі істер министрі Аднан әл-Даббағ курсанттарды қырып-жойғаны үшін «Мұсылман бауырлар» қозғалысын айыптады, Алайда ұйымның өзі бұл қырғынға қатысқанын жоққа шығарып, Сирия үкіметін олардың беделін түсіруге тырысты деп айыптады.

«Хамадағы қырғынның» алдындағы көтеріліс кезінде Асадтарға көмекке жіберілген кеңес мамандары да қаза тапты.

Екі шабуыл кезінде он әскери кеңесші қаза тапты. Оның ішінде САР Әскери-әуе күштері штабы бастығының кеңесшісі генерал-майор Глаголев те бар. Бірақ сириялық оппозиция олардың өлімін арнайы қызметтің әрекеті деп санайды.

Хафез Асад арқа сүйеген Сириядағы Баас партиясы мен «Мұсылман бауырлар» арасындағы текетірес 1960 жылдардан бері толастаған емес. Мұның барлығының астарында тек діни алауыздық тұрмаған. Баас номиналды түрде зайырлы деп саналды және араб ұлтшылдығы мен социализмінің идеологиясын жақтайды, ал «Мұсылман бауырлар» сунниттік исламдық идеологияны насихаттаумен қатар, Баас ұлтшылдығын исламға қайшы, ал дінді саясат пен биліктен бөлуге болмайды деп санайды.

Баас партиясының біразы, әсіресе Асадтың жақтаушылары кедей отбасынан шыққан және экономиканы реттеуді қолдады. Ал сунниттік мұсылмандар үкіметтің экономикаға араласуын өз мүдделеріне қауіп төндіреді деп санаған. Әрине, оппозиционерлердің барлығы фундаменталист емес. Дегенмен, діннен алыс саясаткерлер ағайындыларды 1970 жылы кезекті әскери төңкеріс барысында билікке келген Баас пен Асадқа қарсы тиімді құрал ретінде көрді. Олар КСРО және басқа да социалистік елдермен, атап айтқанда, Чаушеску дәуіріндегі Румыниямен белсенді ынтымақтастықта болды.

Соныменм қатар, Хама «консерватизмнің тірегі» болып саналды. Ұзақ уақыт бойы Баас мемлекетінің айбынды қарсыласы болып қала берді. Хамадағы осы екі күш арасындағы алғашқы толық ауқымды қақтығыс 1963 жылғы төңкерістен кейін көп ұзамай Сирияда Баас партиясы билікке алғаш келген кезде болды.1964 жылы сәуір айында Хамада тәртіпсіздік басталып, мұсылман көтерілісшілері қару-жарақтарды тартып алып, жолға тосқауыл қойды. Содан кейін көтерілісті басу үшін танктерді де пайдаланды. «Мұсылман бауырлар» қозғалысының 70 мүшесі өлтірілді. Көп адам жараланды немесе тұтқынға алынды. Оппозиционерлердің біразы хабарсыз кетті. Хамадағы осы көтерілістен кейін және биліктің жауап қайтаруынан кейін де бірнеше рет көтеріліс болды.

1982 жылы Хамадағы «қырғыннан» кейін әлемде исламшылдардың қарсылығы басылды.Содан бері «ағайындылар» қуғында әрекет етті. Ал басқа оппозициялық топтар билікпен ынтымақтасты. Кейбірі өздерін таратып жіберді. Сириядағы Асадтардың билігі біраз уақытқа нығая түсті. Бірақ көтеріліс пен оны басу Хафез әл-Асадтың басқару стилінің одан да қатал және авторитарлық сипатқа ие болуына әкелді. Ол өмірінің соңына дейін саяси реттеуден гөрі репрессияға көбірек ұшырады.

Бұл көтерілісте адам қаны суша төгіліп, зорлық-зомбылықтың шектен шыққаны анық. “Хамадағы қырғын” Қазақстанда болған “қаңтар қырғынын” еске түсірері сөзсіз.

Дана Нұрмұханбет

Пікірлер