Экс-министр Ерлан Тұрғымбаев екі айға қамалды

1774
Adyrna.kz Telegram

Бұрынғы ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев екі айға қамалды. Бұл туралы Бас прокуратура мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

“Астана қаласының мамандандырылған тергеу соты  2024 жылдың 30 сәуірінде бұрынғы Ішкі істер министрі Тұрғымбаевқа қатысты екі ай мерзімге «күзетпен ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады”,– делінген ақпаратта.

Бас прокуратура 2022 жылғы Қаңтар оқиғасына байланысты қылмыстық істерді тергеуді жалғастырып жатыр.

“2024 жылдың 29 сәуірінде ауыр зардаптарға әкеп соққан билік пен лауазымдық өкілеттіктерді асыра пайдаланғаны үшін (ҚК-нің 362-бабы 4-бөлігі) Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 128-бабы тәртібінде ішкі істер экс-министрі Ерлан Тұрғымбаев ұсталды”, – делінген Бас прокуратура таратқан ақпаратта.

Айта кетейік, Ерлан Тұрғымбаев 2019-2022 жылдары ішкі істер министрлігін басқарды. Содан кейін Қазақстан президентінің кеңесшісі болды. Ол бұл қызметтен жарты жылдан кейін босатылды.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Этот танец невесты оставит вас без слов! Пересмотрела 10 раз!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Женатым лучше не смотреть: танец роскошной Татьяны (видео)
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Не смейте выбрасывать зажимы от хлебных упаковок: они бесценны
Пікірлер