Су тасқынынан зардап шеккен 43 мыңнан астам адам үйіне оралды

921
Adyrna.kz Telegram
Фото: ulysmedia.kz
Фото: ulysmedia.kz

Қазақстанда су тасқынынан зардап шеккен 43 мыңнан астам адам үйіне оралды. Бұл туралы ТЖМ өкілі Асқар Шәріп мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

«Атырау облысы бақылауда. Жайық өзені су деңгейіне мониториң жалғастырылып жатыр. Су тасқыны жағдайының мониториңі дронның көмегімен жүзеге асырылады. Бөгеттерді нығайту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Өткен тәулікте 70 үйден судың бағыты бұрылып, су сорылды, 202 мың қапшық төселді», — деді ол

Осы сағатта республика бойынша 43 015 адам өз үйлеріне оралды. 6 338 адам эвакуациялау пункттерінде. 

Пікірлер