Түркістан облысында журналисттің үйіне шабуыл жасалды - жарақат алған ұлы жансақтау бөлімінде

5259
Adyrna.kz Telegram

Бүгін, 4 қаңтарда сағат 23:00 шамасында журналист Амангельды Батырбековтың үйіне шабуыл жасалып, екі рет атылған оқтан ұлы жарақат алған. Ұлы жансақтау бөлімінде жатыр, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. Бұл туралы қоғам белсендісі Рүстем Әшетаев әлеуметтік желіде жариялады. 

"Қалталы қылмыскерлер" бәріне бара алатынын көрсетіп жатыр деп ойлаймын!
Бірақ, күш әділетте!, деп жазды Рүстем Әшетаев өзінің постында. 

Бұл жайт 03.01.2022 ж. Сарыағаш АПБ-де ҚР ҚК-нің 24-99 бабы «Адам өлтіруге оқталу» бойынша тіркеуге алынды. Сонымен қатар жедел түрде құрамында криминалдық полиция басқармасының полицейлері бар арнайы топ құрылды. Бүгінде Түркістан облысы полиция департаменті бастығының орынбасары полиция подполковнигі Қ.Сахов тәжірибелі полицейлермен бірге оқиға орнында жұмыс атқаруда. Қылмысты ашуға бағытталған шаралардың барлығы жасалуда, деп мәлімдеді Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер