Украина соққы жасаушы "Байрақтар" дрондарын өндіре бастады

469

Украина Байрақтар TB2 соққы жасаушы ұшқышсыз ұшатын аппараттарының жеке өндірісін бастады. Бұл туралы ел президенті кеңсесінің басшысы Андрей Ермак хабарлады.

«Біз Түркиямен ынтымақтастығымызды кеңейтеміз. Барлығы Байрақтарды жеткізуден басталды, қазір олардың өндірісі Украинада басталып кетті », - деді Ермак Focus-ке берген сұхбатында. Сондай-ақ ол түріктің «Байрактар» ұшқышсыз ұшақтарының қозғалтқыштары да Украинада өндірілетінін еске салды.

12 желтоқсанда жаңа украин-түрік зауытында әуе нысаналарына, басқа ұшқышсыз ұшақтарға қарсы әрекет ете алатын АНКА типті реактивті ұшқышсыз ұшатын аппараттарды жасай бастайтыны хабарланған еді. Оларда украиндық қозғалтқыштар қолданылмақ.

Бір ай бұрын Украина қорғаныс министрі Алексей Резников елдің қарулы күштерінің қажеттіліктері үшін Түркиядан «Байрақтар» соққы жасаушы дрондарының жаңа партиясын сатып алатынын айтқан. Оның айтуынша, Украина ұшқышсыз ұшақтарды белсенді түрде қолдануды көздеп отыр.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер
Редакция таңдауы
Серіктестер/Партнеры
Студия IMA - создание сайтов Доставка цветов Астана - Lova Buket