Оңтүстік Корея президентінің міндетін атқарушы отставкаға кетті

1029
Adyrna.kz Telegram

Оңтүстік Корея президентінің міндетін атқарушы Хан Док Су отставкаға кетті. Бұл туралы бүгін, 1 мамырда Yonhap агенттігі жазды, дем хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Президент міндетін атқарушы Хан Док Су 3 маусымда президенттік сайлауға түсетінін атап өтіп, отставкаға кеткенін мәлімдеді»,—делінген хабарламада.

Хан бұл туралы Сеулдегі үкіметтік кешенде өткен баспасөз брифингінде айтқан.

«Осы қиын сәтте мойныма жүктелген жауапкершілікті ескере отырып, бұл жағдайды ұзақ уақыт ой елегінен өткіздім. Менің ойымша, бұл —  дұрыс  таңдау. Сол себепті қазіргі дағдарыстан шығып, қолымнан келгеннің бәрін жасау үшін қызметімді тастау туралы түпкілікті шешім қабылдадым»,—деп түсіндірді ол.

Бұған дейін Оңтүстік Корея үкіметі мерзімінен бұрын президент сайлауы 3 маусымда өтетінін хабарлаған еді. Бұл шешім конституциялық сот бұрынғы президент Юн Сок Ёлге импичментті ресми түрде жариялағаннан қабылданды.

Сайлауға түсуге ниетті мемлекеттік қызметкерлер 4 мамырға дейін өз лауазымынан отставкаға кетіп, кандидатурасын ұсынуы қажет. Ресми үгіт-насихат жұмыстары 12 мамырда басталады.

Пікірлер