Байырғы мұра. «Манас» эпосы Шыңжаңда заңмен қорғала ма?

1618
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2025/05/2ee9bd3c-2b1f-42f7-a48b-8db8721b4e9d-960x500.jpeg?token=62c3fe47215ba35c1c094745a24810c4

Қытайдың Солтүстік-Батысындағы Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданында қырғыз халқының ауыз әдебиетінің үлгісі "Манас" эпосын сақтау туралы жаңа заң күшіне енді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы Қытай агенттігіне сілтеме жасап. 

«Манас» эпосы тибет тайпасынан шыққан Гесар патша мен моңғол ұлтынан шыққан Жанғардың қаһармандық эпостарымен қатар, Қытайдағы аз ұлттардың үш қаһармандық эпосының бірі ретінде танымал.

Бұл эпос – қырғыз халқының ауыз әдебиетінен маңызды орын алатын, қырғыз тайпаларын біріктірген аңыздағы батыр Манастың өмірі мен ерліктерін баяндайтын хикаялар циклынан тұрады.

26 баптан тұратын жаңа ережелер қырғыз халқының материалдық емес мәдени мұрасы болып саналатын бұл эпосты жүйелі түрде қорғауды көздейді. Оның ішінде эпосты сақтау мен жалғастыру, зерттеу, аудару және жариялау, сондай-ақ эпосқа

байланысты әдеби және көркем шығармашылықты дамыту шаралары бар.

"Манас" 2009 жылы ЮНЕСКО-ның Адамзаттың материалдық емес мәдени мұрасының репрезентативтік тізіміне енгізілген болатын. Ол өзіне тән ырғақты жырлау мәнері арқылы ұрпақтан ұрпаққа ауызша жолмен жеткізіліп отырған, кейінірек оны жазбаша түрде хатқа түсіру әрекеттері қолға алынды.

"Құқықтық негіздің болуына байланысты “Манастың” болашағы бұдан да жарқын болады деп үміттенеміз", – деді биыл наурызда ұлттық деңгейдегі материалдық емес мәдени мұраның алтыншы буын мұрагерлерінің қатарына енген 59 жастағы Жаннұр Тұрғанбай.

Шыңжаң Мәдениет және туризм басқармасы басшысының орынбасары Пэн Чэн жаңа ережелердің Шыңжаңның материалдық емес мәдени мұрасын шығармашылықпен дамыту мен инновациялық жаңартуға ықпал ететініне тоқталды.

Комментарии